• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 01.04.2024

    Премьер-лига: «Елімай» сенсация жасады

    Күні кеше футболдан Қазақстан премьер лигасының үшінші турының ойындары болды. Бір айға жуық үзілістен кейін 12 команда өзара бақ сынап, мықтыны анықтады. Айта кету керек «Қайсар» клубы «Ақсу» командасының чемпионаттан шектетілгеніне байланысты демалыс алды. Тартысқа толы өткен бұл турда 10 гол соғылып, төрешілер тарапынан 36 сары қағаз бен 2 қызыл қағаз көрсетіліп, жалпы саны 22 400 көрермен тамашалаған. Қысқаша ойындарға ...

    Read More »

    Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина осы маусымдағы эйс саны бойынша көш бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші 26 матчта 181 эйс жасады. Рыбакинадан кейін чехиялық Каролина Плишкова (91 эйс) екінші, жапониялық Наоми Осака (70) үшінші орында келеді. Майами WTA 1000 турнирінде Рыбакина 53 эйс жасады. Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде Беларусь өкілі Арина Соболенконы ығыстырып, екінші орынға ...

    Read More »

    Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама 11 жолдаманы иелініп отыр

    Еліміздің параспортшылары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның Париж қаласында өтетін XVII Паралимпия ойындарына әзірше 11 жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Паралимпиадада жарыстар спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) ...

    Read More »

    Challenge Cup турнирі: Қазақстан алтын мен күміс медаль алды

    Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлады kazsports.kz. Бұл жарыста ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдеге ие болды. Әуелі ат снарядында Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды. Содан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының екі гимнастынан озып кетті. Бұған дейін хабарланғандай, көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында ...

    Read More »

    Гимнастшы Айбота Ертайқызы Гран-при турнирінде үш жүлде алды

    Францияның Тье қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-при турнирінде Айбота Ертайқызы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Айбота Ертайқызы шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленді. Ал доптағы жаттығудан финалдық сында қола медаль жеңіп алды. Финалға дейін ұлттық құрама спортшысы көпсайыстан іріктеу кезінде 123.800 балл жинап, барлық жаттығуда жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды. Гимнастшы биылғы маусымда өзі қатысқан турнирлердің бәрінен ...

    Read More »