• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы

    Challenge Cup турнирі: Қазақстан алтын мен күміс медаль алды

    Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлады kazsports.kz.

    Бұл жарыста ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдеге ие болды. Әуелі ат снарядында Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды. Содан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының екі гимнастынан озып кетті.

    Бұған дейін хабарланғандай, көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында өткен Гран-при турнирінде Айбота Ертайқызы үш медаль жеңіп алды.

    Айбота Ертайқызы шығыршық пен таспадағы жаттығудан күміс медаль иеленді. Ал доптағы жаттығудан финалдық сында қола медальге ие болды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *