• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама 11 жолдаманы иелініп отыр

    Еліміздің параспортшылары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Францияның Париж қаласында өтетін XVII Паралимпия ойындарына әзірше 11 жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

    Паралимпиадада жарыстар спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер көрсетуді жоспарлап отыр.

    Әзірше отырып спортшылар ойнайтын волейболдан (ерлер құрамасы), пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтырудан, пара каноэдан, пара пауэрлифтинг пен пара нысана көздеуден бір-бір лицензия алса, пара жүзу мен пара таеквондо үш-үштен жолдамаға иелік етіп отыр.

    Сонымен қатар биыл Паралимпиадаға лицензия беретін 23 жарыс жоспарланған.

    Токио-2020 Паралимпиадасына Қазақстан ұлттық құрамасының 25 спортшысы қатысып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) жеңіп алған болатын. Еліміз жалпыкомандалық есепте 48-орында болды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *