• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Нариман Курбанов

    42 жолдама: Нариман Курбанов Олимпиаданың лицензиясын иеленді (ВИДЕО)

    Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нариман Курбанов Париждегі Олимпиялық ойындардың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.  Гимнастикалық ат снарядында сынға түскен Нариман Курбанов Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде төртінші орын алды. Оның жолдама жолындағы басты қарсыласы, тайпейлік Ли Чи Кай екінші орыннан көрінді. Қазақстан спортшысы жалпы есепте 70 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңдерін екінші орынмен ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Нариман Курбанов әлемде екі адам істейтін элементті бағдарламамына қосты

    Гимнаст Нариман Курбанов Қатардың астанасы — Дохада өтетін Әлем кубогы кезеңіне дайындалып жатыр. Ол осы кезеңнен кейін гимнастикалық ат снарядында Олимпиада жолдамасын иеленуі мүмкін. Olympic.kz сайтының хабарлауынша, спортшы бағдарламасын жетілдіріп жатыр. Қазір орның комбинациясы қиындығы жөнінен әлемде екінші орында – 6.7. Өткен Әлем кубогы кезеңдерінде оның элементі ең қиын бағдарлама болды. Антальядағы турнирге 6.9 болатын жаңа бағдарламамен бардым. Бұл базалық ...

    Read More »

    Challenge Cup турнирі: Қазақстан алтын мен күміс медаль алды

    Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлады kazsports.kz. Бұл жарыста ұлттық құраманың спортшылары екі жүлдеге ие болды. Әуелі ат снарядында Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды. Содан кейін Асан Салимов тіреніп секіру жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Ол финалда 14.300 ұпай жинап, Украина құрамасының екі гимнастынан озып кетті. Бұған дейін хабарланғандай, көркем гимнастикадан Францияның Тье қаласында ...

    Read More »

    Гимнасшы Нариман Курбанов Әлем кубогының иегері атанды

    Гимнасшы Нариман Курбанов Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы өзінің оң жамбасына келетін ат снарядындағы жаттығуда ешкімге дес бермеді. Финалда ол 15 433 балл алды. Іріктеуде Нариман Курбанов 15 600 ұпай жинап, көш басына шыққан еді. Нариман Курбанов былтыр осы Котбустағы кезеңде ...

    Read More »

    Нариман Курбанов — Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

    Гимнастшы Нариман Курбанов гимнастикадан Катардың Доха қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Гимнастикалық ат жаттығулардың финалында Курбанов 15.400 ұпай жинады. Екінші орынды Ирландияның өкілі Рис МакЛенаган иеленді. Ол 15.033 ұпай алды. Тайбэйдің спортшысы Шао Ю Ян үшінші орыннан көрінді. Оның нәтижесі — 14.833 ұпай.  Отандасымыз Ильяс Азизов алтыншы нәтижені көрсетті (14.100).   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »