• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 16.04.2024

    Оңтүстік Америкада футбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды (ВИДЕО)

    Футболдан Уругвай чемпионатының 8-турында «Дефенсор Спортинг» пен «Ривер Плейт» клубтарының арасындағы матч жаппай төбелеспен аяқталды. Бұл ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңген еді. Алайда матч аяқталысымен футболшылар бір-бірімен сөзге келіп, оның соңы төбелеске ұласқан. Ойыншылар киім ауыстыру бөлмесіне дейін барып бір-біріне қол ала жүгірген. Содан кейін полиция келіп, қос команданың ойыншыларын райынан қайтарған. Алаңдағы төбелес бас төрешінің ойын ережесін бұзған ...

    Read More »

    Алматының ардагер шахматшылары жеңімпаз атанды

    Жақында Қызылорда қаласында тұңғыш рет ардагер шахматшылар арасында Қазақстан Республикасының командалық біріншілігі аяқталды. Әр команда намысын құрамында үш ер және бір әйел шахматшы қорғады. Сайысқа еліміздің 9 облысынан он команда қатысқан еді.  Жарысты өткізген Қызылордадан ғана екі команда қосылды. Жарыс швейцар жүйесімен жүргізіліп, жеті командалық кездесу өткізілді. Біріншілік нәтижесінде 19,5 ұпай жинаған Алматы қаласының шахматшылары жеңіс тұғырына көтеріліп, бас кубокты ...

    Read More »

    Қазақстан, Куба мен Өзбекстан боксшылары бірге жаттығып жатыр

    Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы «Алма тау» базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Оған Қазақстан боксшыларымен бірге  Өзбекстан мен Куба құрамалары қатысуда. Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6алты боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар. Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келді. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Баһадүр ...

    Read More »

    Жазғы Олимпиялық ойындардың алауын жағылды

    Грекияда ежелгі Гера храмында жазғы Олимпиялық ойындардың алауын ресми түрде жағу рәсімі болды. Ежелгі Олимпияда Олимпиаданың алауы күн сәулесінен тұтанды. Грекияның белгілі актрисасы Мэри Мина Аполлонға дұға оқып, Зевстен чемпиондардың көп болуын тілеп, алауды салтанатты жағдайда ескек есуден Токио Олимпиадасының чемпионы Стефанос Дускоске тапсырды. Содан кейін алауды жүзуден 2004 жылғы Олимпиялық ойындардның чемпионы, франциялық Лор Маноду ұстайды. Үшінші кезеңді Еурокомиссия басшысының еуропалық ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы сурдо дзюдодан әлем чемпионы атанды

    Түркістан қаласында сурдо дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде спортшылар ката және командалық бәсеке бойынша өзара мықтыны анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Сурдо дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста әлем чемпионы атанды. Ұлттық құрама спортшылары финалда Украина спортшыларын 2:1 есебімен жеңді. Ал жарыстың қола жүлдесіне Оңтүстік Корея құрамасы ие болды. Әйелдер арасындағы командалық жарыста Украина дзюдошылары қарсылас ...

    Read More »