• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2024

    Хоккейден Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

    Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы 2025 жылы өтетін әлем чемпионатындағы екі топ құрамын жариялады. Келесі жылы әлемдік сынға қатысатын командалар қатарында Қазақстан да бар. Дүрмекті доданы Швецияның Стокгольм мен Данияның Хернинг қалалары өткізеді. Қазақстан құрамасы В тобына  түсті. Онда ұлттық құрама Дания, Чехия, Германия, Венгрия, Норвегия, Швейцария мен АҚШ командаларымен ойнайды.  Бұл топтың ойындары Хернингте (Дания) болады. А тобында Аустрия, Канада, ...

    Read More »

    Қазақтың Амангелдісі мен 24.kz-тің Асланы

    Амангелді Сейітханов — қазақ спорт журналистикасында айқын қолтаңбасын қалдырған азамат. 52 жас қана өмір кешті. Қазаққа әлі берері көп еді. Кейбір журналистер секілді билікті мақтап креслода шалқайып, төрде отырмады. Министрдің кеңесшісі де болмады. Бірақ халық оны сыйлады. Спорт журналистикасына аянбай еңбек етті. Билігі барлар оның бағын қызғанып, тасада ұстауға тырысты. Мақсатына жете алмаған Аман ағамыз арманда кетті. Амангелді Сейітхановты 2000 ...

    Read More »

    Боксшы Асланбек Шымбергенов тоғыз жылдан күткен  Олимпиадаға барады

    2013 жылы бокстан Атырауда өткен Қазақстан чемпионатында Асланбек Шымбергенов 64 келіде бақ сынап, екінші орын алды. Содан кейін ол ұлттық құрамаға алынып, шетелдегі сайыстарда ел мерейін асқақтатты. 2014 жылы Таразда ел чемпионы атанды. 2016 жылы Рио Олимпиадасына қарағандылық Абылайхан Жүсіпов қатысты. Олимпиадаға бармаса да А.Шымбергенов бокстан кетпеді. Қайта ол Олимпиадаға қалайда қатысамын деп өзіне жоспар қояды. 2017 жылы Талдықорғанда өткен ...

    Read More »

    Магомед Адиев ұлттық құраманың бас жаттықтырушы қызметінен кетті

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабымен кездесті, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі. Осы жерде Магомед Адиев құраманың бас жаттықтырушысы қызметінен кететінін, мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын айтты. ҚФФ Адиевтің шешімімен келісті.  Енді федерация келесі аптаның басында жаңа бас жаттықтырушыны таңдайды.   Қазақстан ұлттық құрамасының Ұлттар лигасындағы жетістігімізден кейін Магомед Адиев команданың бас бапкері ретінде келісімшартын ...

    Read More »

    Олимпиадаға жеті-сегіз жолдама алатын мүмкіндік бар – Дмитрий Карпов

    Қазір жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Олимпиялық ойындарға екі жолдама бар. Бұл лицензияны марафоннан Жанна Мамажанова мен 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден іріктеу нормативін орындаған Нора Джеруто алды. Бас жаттықтырушы Дмитрий Карповтың айтуынша, құраманың әлі Олимпиадаға жеті-сегіз жолдама алатын мүмкіндігі бар, деп хабарлады Olympic.kz.  30 сәуірде марафоннан іріктеу кезеңі аяқталып, Жанна Мамажанова Қазақстан рекордын жаңартты. Осыдан кейін ол Олимпиада жолдамасына ...

    Read More »

    Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты

    Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен ойнады. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға шыққанымен, бұдан кейін Қазақстан теннисшісі ойындағы басымдықты толық ...

    Read More »

    Головкин ХОК комиссиясының құрамына кірді

    Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті Olympism 365 комисиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах Қазақстан ҰОК-ке ресми хат жазып, хабардар етті. Сізді комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Сізге комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін алдын ала алғыс білдіремін, – делінген хатта. Комиссияларды ХОК президенті Томас Бах жасақтайды. ...

    Read More »

    Олимпиадада күрестен алғаш рет еліміздің атынан екі төреші қызмет етеді

    Бүкіләлемдік күрес одағы Олимпиадаға 50 төрешіні таңдады. Соның ішінде дүниежүзінің кұрес түрлерінен өтетін жарыстарда көпшілікке жақсы таныс екі төрешіміз бар. Олар: Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай. Игорь Лигай осыдан үш жыл бұрын Токиода өткен Олимпиялық ойындарда төреші ретінде қызмет атқарған.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Триатлоншы Екатерина Шабалина Олимпиаданың лицензиясын алды

    Бүгін триатлоннан ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Халықаралық триатлон федерациясы ресми түрде Азия құрлығында қалған жалғыз квотаны Екатерина Шабалинаның алғанын растады. Спортшы жолдамаға New Flag санатында ие болды. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі. Екатерина Шабалина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды. Ерлер ...

    Read More »

    Астанада алғаш рет сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді

    Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Әзербайжан, Тәжікстан, Таиланд, Сауд Арабиясы мен Өзбекстан командалары қатысады. Әлемдік доданың ашылу салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-маусымда «Жекпе-жек» сарайында болады. Чемпионат 10-маусымға дейін жалғасады.   Құралай ӘШІМХАНОВА, АСТАНА

    Read More »