• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 10.06.2024

    Қош бол, Хамзе бауырым!

    Өмір деген қамшының сабындай қысқа дегенге адамның көзі жетпей әй сене қоймас. «Тас түскен жеріне ауыр», — деген ғой бабаларымыз, біз ет жақын, көз көрген құрметпен араласатын достарымыздан айрылып қалғанда барып аһ ұрып қаламыз. Бүгін жер қойнына жанымызға жарық беріп, араласып жүрген ардақты дос, қайырымды әрі сабырлы жан, тұғырлы тұлға, футбол шебері, аялуы азамат Хамзе Бақытұлы бауырымызды жер қойнына тапсырдық. ...

    Read More »

    Қазақстан сурдо футзалдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Бүгін сурдо футзалдан әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Иран командасымен кездесті. Ойынның негізгі уақытында командалар 3:3 есебімен тең түсіп, қосымша уақытта Қазақстан құрамасы 4:7 есебімен есе жіберді. Ойын тартысты болды. Құрама командамыз соңғы секундтқа дейін ойнады. Алайда қарсыластарымыз осал болмады. Иран командасы осымен екінші рет сурдо футзалдан әлем чемпионы атанып отыр.  Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында футзалдан алғашқы әлем чемпионаты ...

    Read More »

    Алматыда «Дүйсенбілік спорт» жобасы жалау көтерді

    Алматыда «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан чемпионат болды. Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан турнир өткен болатын. Биылғы додаға «Қырғауылды», «Бақорда»,  «Арғымақ», «Арғымақ1», «АлтынОрда», «Бақорда» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар мен NEET санатындағы VKM, «Белгібай», «Отау-Құрмет» яғни, жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік ...

    Read More »

    Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтингісінде көш бастады

    Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингісінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға көтерілді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. 15 жастағы теннисші ұпай санын 2 610-ға жеткізді. Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар Нұрланұлы жекелей сында алты матч ойнап, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бірде-бір сет берген ...

    Read More »

    Таеквондошы Самирхон Абабакиров халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

    Таеквондошы Самирхон Абабакиров Люксембургте өткен  G-1 санатындағы халықаралық турнирден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Ол 63 келі салмақта қарсыластарының бәрін жеңді. шыдатқан жоқ. Бұл — спортшының Азия аймақтық лицензиялық турнирден кейін қатысқан алғашқы турнирі. Еске сала кетсек, Абабакиров Париж Олимпиадасында 58 келі салмақта бақ сынайды.

    Read More »

    Азия чемпионатында Қазақстан тағы төрт жүлде иеленді

    Алматы қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында ұлттық құраманың велошабандоздар бір алтын, бір күміс, екі қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ерлер арасындағы жекелей сында Евгений Федоров мәреге 49:46 секундта жетіп, чемпион атанды. Одан кейінгі сатыға тағы бір отандасымыз Дмитрий Груздев (50:20) жайғасты. Үшінші орынды жапониялық Юкиа Арасиро (51:20) иеленді. Азия чемпионатына ...

    Read More »

    Ирина Юнусметова Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды

    Бүгін халықаралық нысана көздеу (ISSF) федерациясы барлық Әлем кубогының кезеңінен кейін Олимпиялық рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде Ирина Юнусметова Олимпиаданың лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті. Бұл — еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі тоғызыншы лицензия. Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, ...

    Read More »