• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: маусым 2024

    ФИДЕ Ресей шахмат федерациясын екі жылға шеттетті

    Ресей шахмат федерациясы екі жылға Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) мүшелігінен айырылды, деп хабарлады uza.uz. Мұндай шешімді ФИДЕ-нің Этика комиссиясы Украина шахмат федерациясының  шағымы түскеннен кейін қабылданды. ФИДЕ Этика комиссиясының 60 күннен кейін күшіне енетін шешімінің толық мәтінін Германияның Perlenvombodensee шахмат порталы жариялады.    

    Read More »

    Садақ атудан ұлттық құрама Әлем кубогына қатысады

    18-23 маусым аралығында Түркияның Анталья қаласында садақ атудан Әлем кубогының үшінші кезеңі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құрамада ел намысын садақ атудың классикалық түрінен Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Александр Еременко, Алина Ильясова, Диана Тұрсынбек, Елизавета Авдеева, садақ атудың блок түрінен Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн, Адель Жексенбинова қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы – Артем Кичкин. ...

    Read More »

    Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

    Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады olympic.kz Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді.  Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс иеленген Тайпей командасы алды. Үшінші орынға 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея ие болды. Сонымен бірге Азия чемпионатында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары бір-бір  алтын жүлдеден жеңіп ...

    Read More »

    Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

    Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан өтіп жатқан Азия чемпионатында Евгений Федоров қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Соңғы жарыс күнінде ерлер 151 шақырым топтық сайыста сынға түсті. Онда ұлттық құраманың спортшысы Евгений Федоров (3:21:46) мәреге үшінші болып жетті.  Алтын жүлдені Ыро Ким (Корея Республикасы), күміс медальді қытайлық атлет Сянджин Лью иеленді.  

    Read More »

    ҰОК Олимпиадада ту ұстаған спортшылардың киімін музейге табыс етті

    Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиялық ойындарда ту ұстаушылар киген костюмді  Ұлттық музейдің қорына табыс етті, деп хабарлады Olympic.kz.  Бұл — Халықаралық Олимпиада күнін атап өту аясындағы алғашқы іс-шара. Ұлттық Олимпиада комитеті бірегей киім үлгісін музейдің коллекциясына  тапсырды. Киім үлгісімен Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиялық ойындар мен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен еліміздегі ең танымал спортшы, жеңіл атлетикадан ...

    Read More »

    Олимпиадаға дайындық пысықталды

    Бүгін Астанадағы Олимпиадаға дайындық штабында кезекті басқосу болды.  Жиынға белгілі қоғам қайраткерлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, спорт журналистикасының ардагерлері қатысып, штаб өкілдерімен бірге ұлттық құраманың алдағы бас додаға дайындығын пысықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қонақтар қатарында дүниежүзілік және Қазақстан  тоғызқұмалақ федерациясының президенті  Әлихан Бәйменов, қоян-қолтық ұрыстан республикалық федерация басшысы Абай Тасболатов, 1972 жылғы Мюнхень Олимпиадасының күміс жүлдегері Виктор ...

    Read More »

    Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын алды

    Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиялық ойындарға жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Ол енді іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға қатысады. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. Айта кету керек, Герасименко осымен үшінші рет Олимпиялық ойындарға жолдама алып отыр. Ол Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан. Қазір елімізде Олимпиадаға ...

    Read More »

    Шахматтан АЧ: рапидтен чемпиондар анықталды

    Шахматтан Алматы қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы XVI Азия чемпионатында рапид сайысында чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оның нәтижесінде елімізден төрт ойыншы, ФИДЕ, яғни Ресей мен Үндістаннан үш-үш адамнан, Вьетнам мен Ираннан бір-бір шахматшыдан чемпион атанды. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде екі күнге созылған сайыста 7 жастан 18 жасқа дейінгі 630-ға жуық ...

    Read More »

    Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

    Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтан жасөспірімдер арасындағы XVI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған 7-18 жас аралығында 34 елден жиналған 650-ге жуық жас ойыншы қатысып жатыр. Бұл еліміз қабылдаған халықаралық деңгейдегі шахмат турнирі арасында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жас шахматшылар 10-20 маусым аралығында классика, рапид және блицте бақ сынайды. Чемпионат Туризм ...

    Read More »

    Ақпейіл Өсім велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Бүгін Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 23 дейінгі қыздар арасындағы 112,6 шақырымтоптық жарыста ұлттық құраманың спортшылары қос жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз Ақпейіл Өсім мәре сызығын 2:56:51 уақыт көрсеткішімен бірінші болып кесіп өтсе, Елизавета Склярова қола медаль иеленді. Күміс жүлде индонезиялық Девика Соваға бұйырды. Азия чемпионатында ...

    Read More »