• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    olympic.kz

    Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын алды

    Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиялық ойындарға жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz.

    Ол енді іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға қатысады.

    Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр.

    Айта кету керек, Герасименко осымен үшінші рет Олимпиялық ойындарға жолдама алып отыр. Ол Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан.

    Қазір елімізде Олимпиадаға спорттың 22 түрінен 71 лицензия бар.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *