• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: маусым 2024

    Жапон қызы Олимпиадада алтын жүлде ала ма?

    Жиырма жастағы Акари Фужинами — әйелдер күресінен Жапония мен әлемнің бірінші нөмірлі палуаны. Ол жеті жыл бойы ешкімнен жеңілмеген. Өз салмағында үздік атанған А.Фуджинами биылғы Олимпиялық ойындарға 53 кг салмақ дәрежесінде қатысады. Былтыр Астанада күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатына Күншығыс елінің командасы да қатысты. Сол жарыста әйелдер күресінен Жапония құрамасының бас жаттықтырушысы Канехама Риодан сұхбат алдым. Оның айтуынша, Жапонияда 53 ...

    Read More »

    Қазақ балалары футболдан Dragan Mance Cup турнирінің қола жүлдегері атанды

    Шымкент қаласының екі футбол академиясының – «Ордабасы» футбол клубы мен «Оңтүстік» академиясының тәрбиеленушілері алғаш рет 11-17 маусым аралығында Сербияның астанасы – Белград қаласында өткен Dragan Mance Cup балаларға арналған халықаралық турнирге қатысып, қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы елшілігі. Бұл турнирге Еуропаның 16 елінен 288 команда қатысты. «Ордабасы» футбол клубы академиясының футболшылары U12 жас санатында үшінші ...

    Read More »

    Футболдан Еурокубок ойындарының жеребесі тартылды

    Швейцарияның Ньон қаласында 2024/2025 жылғы маусымда Еурокубок ойындарының бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі  тартылды. Оған елімізден Шымкенттің «Ордабасы», Қостанайдың «Тобыл» клубтары,«Ақтөбе» мен  «Астана» командалары қатысады. Жеребе бойынша «Ордабасы» клубына «Лудогорец» (Болгария), «Стяуа» (Румыния), «Пюник» (Армения) пен «Петрокуб» (Молдова) қарсылас болуы мүмкін. «Тобыл» командасының ықтимал қарсыластары — «Эльфсборг» (Швеция), «Корвинул» (Румыния), «Ботев» (Болгария), «Зиря» (Әзербайжан), «Ружомберок» (Словакия) пен «Лапи» (Косово). Ал, «Астана» ...

    Read More »

    Әлемнің үздік теннисшілері Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр

    Әлемнің 10-ракеткасы тегі Тунистен шыққан франциялық теннисші Онс Жабер өз елінде болатын Олимпиялық ойындарға қатысудан бас тартты. Сонымен бірге Олимпиадаға Беларусьтің өкілі Арина Соболенко мен Ұлыбританияның спортшысы Эмма Радукану да қатыспайтынын айтты. Онс Гилл Олимпиадаға қатысты ойын әлеуметтік желіде түсіндіруге тырысты. Құрметті жанкүйерлер! Мен медициналық тобыммен кеңесе келе, Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешім қабылдадым. Қазір менің жарақатым тізіме батып тұр. Тізем ...

    Read More »

    Астана тұрғыны 30 тонналық ұшақты орнынан қозғап, рекорд жаңартты (ВИДЕО)

    Астана қаласының тұрғыны, Ішкі істер министрлігінің қызметкері Бауыржан Қамалиев 30 тонналық МИ-17 ұшағын орнынан қозғап, рекорд жаңартты. Бұл – оның бесінші әлемдік рекорды, деп хабарлады Almaty.tv. Күштік экстриммен айналысатын ІІМ қызметкері әскери техниканы 10 метрге дейін сүйреп шығарады. Бұған дейін ол локомотив тарту бойынша әлемдік рекордты жаңартқан болатын. «Не бел кетеді, не белбеу кетеді» деген. Қиын, әрине. Пендеміз ғой, қолымнан келгенше ...

    Read More »

    Шахматшы Қазыбек Нөгербек: «Тамыз айында Магнус Карлсенді жеңемін»

    Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ұжымы мен студенттері осы білім ордасының студенті, 20 жасқа дейінгі шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекпен кездесті, деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметі. Қазыбек Нөгербек – академияның студенті ғана емес, оның мақтанышы. Кездесу сұрақ-жауап пішінінде болды. Осы басқосуда жастар арасындағы әлем чемпионы батыл мәлімдеме жасап, алдағы уақытта Норвегияның шахматшысы, әлемнің 16-әлем чемпион (2013—2023), шахматтың классикалық, ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатында 30 жүлде алды

    Таиландтың Районда қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэ есуден өткен Азия чемпионатында еліміз спортшылары 30 жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Спортшылар құрлықтық додада сәтті өнер көрсетті. Ескекшілеріміздің қоржынында 11 алтын, 7 күміс пен 12 қола медаль бар. Турнирге барлығы 17 елдің спортшылары қатысты.  

    Read More »

    Шымкенттегі «Мұз сарайы» мемлекетке қайтырылады– Антикор

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласын бойынша депатраментінің басшысы Дәурен Ерғарин сот үкімімен Мұз сарайын сатып алу және сату шартының күші жойылғанын хабарлады. Otyrar.kz-тің хабаралуынша, департамент қала прокуратурасымен бірігіп, Мұз сарайын мемлекет меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылдады. Биылғы жылдың 27 мамырында бірінші сатыдағы сот «Спорт сарайы» ЖШС үлесін жеке меншікке 128 млн теңгеге сатып алу-сату шартының күшін жойды. Сот ...

    Read More »

    Премьер-лига: төреші маусымның соңына дейін шеттетілді

    Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік-сараптамалық комиссиясы мен Төрешілер комитетінің онлайн жиынында Төрешілік-сараптамалық комиссия QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады, деп хабарлады федерация. Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын деген бірауыздан шешімді қабылдады. Төрешілер ...

    Read More »

    Футболдан ЕЧ: Грузия құрамасы алғаш рет алаңға шығады

    Бүгін Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де футболдан Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында Грузия ұлттық құрамасы тәуелсіздік алған кезден бері алғаш рет халықаралық доп додасында алаңға шығады. Сакартвело елінің командасы F тобында Түркия құрамасымен ойнайды. Кеңес Одағы кезінде Грузияның бірнеше футболшысы әлемге танымал болған. Мәселен, Борис Пайчадзе, Слава Метревели, Михаил Месхи, Владимир Гуцаев, Анзор Кавазашвили, Реваз Дзодзуашвили, Муртаз Хурцилава, Каха Асатиани, ...

    Read More »