• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Matt Rourke

    Әлемнің үздік теннисшілері Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр

    Әлемнің 10-ракеткасы тегі Тунистен шыққан франциялық теннисші Онс Жабер өз елінде болатын Олимпиялық ойындарға қатысудан бас тартты. Сонымен бірге Олимпиадаға Беларусьтің өкілі Арина Соболенко мен Ұлыбританияның спортшысы Эмма Радукану да қатыспайтынын айтты.

    Онс Гилл Олимпиадаға қатысты ойын әлеуметтік желіде түсіндіруге тырысты.

    Құрметті жанкүйерлер! Мен медициналық тобыммен кеңесе келе, Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешім қабылдадым. Қазір менің жарақатым тізіме батып тұр. Тізем сырқырайды. Өкініштісі сол, мен Олимпиялық ойындарға қатыса алмаймын.

    Өздеріңіз жақсы білесіздер, мен әрқашан  өз елімнің атынан кез келген жарысқа қатысқанды ұнатамын. Бірақ ішкі түйсігім Олимпиадаға қатыса алмайсың дейді. Оның үстіне дәрігерлер де талап қойып отыр.  Сондықтан бәріңізден кешірім сұрай отырып, командаластарыма ойындарда сәттілік тілеймін! Мен трибунада отырып, жанкүйер боламын, — деді ол.

    Олимпиялық ойындардағы теннис турнирі 26 шілде мен 11 тамыз аралығында «Ролан Гаррос» жер асты корттарында болады.

    Дәл осы себеппен АҚШ-тың 2021 жылғы чемпионы Эмма Радукану да ойынға қатысудан бас тартты. Әлемнің 3-ракеткасы Беларусь теннисшісі Арина Соболенко да жоғарыда айтқанымыздай, Олимпиадаға бармайды.

    Қазақстан атынан Олимпиадаға Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Александр Бублик қатысады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *