• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Ақтөбе» футбол клубы

    Премьер-лига: төреші маусымның соңына дейін шеттетілді

    Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік-сараптамалық комиссиясы мен Төрешілер комитетінің онлайн жиынында Төрешілік-сараптамалық комиссия QFL Премьер-лигасының 2024 жылғы маусымының 11-турындағы «Астана» мен «Ордабасы» командалары арасында тіркелген даулы эпизодты талқылады, деп хабарлады федерация.

    Төрешілік-сараптамалық комиссия бейнематериалдарға сүйене отырып, төреші Артем Кучиннің матчтың 34-минутында қарсыласын арқасынан итеріп жібергені үшін «Ордабасы» командасының қақпасына пенальти белгілемеу туралы шешімі қате деп танылсын деген бірауыздан шешімді қабылдады.

    Төрешілер комитетінің отырысында бір маусымда бір командаға қарсы жіберілген екі шешуші қателіктен кейін Премьер-лиганың төрешісі Артем Кучин (Қарағанды) жылдың соңына дейін ҚФФ өткізетін барлық деңгейдегі матчтардан шеттетілді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *