«Астана» футбол клубының бас директоры қызметіне Қайсар Бекенов тағайындалды. Директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Гурман клубтың ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлады «Астана» футбол клубы. Қайсар Рауфұлы 2013-2019 жылдары клубта басшылық қызметте болып, елордалық командамен бірге ел ішіндегі барлық трофейлерді жеңіп алды. Сондай-ақ еурокубоктарда тарихи жетістіктерге жетті. «Астана» – Қазақстан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш команда болды. Сонымен ...
Read More »Daily Archives: 19.02.2025
Нысана көздеуден Азия кубогы: Қазақстан алты алтын медаль алды
Бангкокта (Таиланд) нысана көздеуден Азия кубогы болып жатыр. Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Турнирдің аяқталуына бірнеше күн қалғанда, біздің спортшылардың қоржынында 13 жүлде бар. Алтын медаль иегерлері: Елизавета Безрукова, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, аралас жұп); Ислам Сатпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, командалық жарыс); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ...
Read More »Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, әлем рейтингінде 62-орында тұрған жапониялық Моюки Утидзиманы 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Осыдан кейін үшінші айналымда Испанияның өкілі Паула Бадосадан (10 WTA) басым түсті. Рыбакина 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Ол екінші сеттегі тай-брейкте ...
Read More »