• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футзалдан ардагерлер арасындағы аламан

    Футзалдан ардагерлер арасында Алматы облысының ашық біріншілігі болып, жүлделі күміс жүлдеге Алла нәсіп етіп жеңіп алдық. Жарыс Алматы маңындағы Қырғауылды елді мекенінде орналасқан Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қабырғасында болып өтті.

    Бұл турнирді айтулы спорт мектебінің директоры, Алматы облысы ардагерлер қоғамының төрағасы, ауыл спортының жанашыры Қайрат Шәріпұлы Бірімжанов ұйымдастыруға мұрындық болған екен. Зәулім спорт сарайының іші көз тартады. Әсіресе, ойын алаңы халықаралық стандартқа сай түгелдей жабдықталынып жасалғанына тәнті болдық. Дәл осы футзал алаңында «Порту» мен «Барселона» клубтарының аты әлемге әйгілі жұлдызды ойыншылары келіп, УЕФА кубогы үшін турнирде доп тепкенін білеміз. Сондықтанда есімдері әйгілі футзал жұлдыздары тер төккен жерге біздің табанымыз жерге тиіп таңазаннан бастап, жеңіс үшін жан берісіп жан алысқан кездесулер өткіздік.

    Аламан жарысқа Алматы облысының әр аймағынан тіпті, сонау Қаракестек ауылынан командалар келіп, бақ сынады. Қатысушы командалардың ойын деңгейі өте жоғары болғанына куә болдық. Дегенмен «Ұрыста тұрыс жоқ» демекші, біздің осы жарысқа сайлап апарған «Өтеген батыр» командасы қарап, қалмай қайсарлық танытып финалға дейін жеттік. Алдымен облыстық ашық біріншіліктің салтанатты ашылуы болып өтті.

    Еліміздің әнұраны ойналып біткеннен кейін, төрешілер алқасының төрағасы Аббас Шахизада аламан жарысты бастап жіберді. Сайдың тасындай сақа ойыншылар бас қосқан бұл додада кімнің бағы жанатыны белгісіз еді. Екі топқа бөлінген 10 команданың арасынан суырлып топ жарып шығу үлкен мәселе еді. Дегенмен асқаралы мақсатымыз топтан бірінші болып шығу болатын. Сол үшін де әрбір ойын финал секілді жан берісіп жан алысқан кездесулер болды десем қатеселеспеген болар едім. Кескілескен сұрапыл ойындар кезінде шын мықтыларды шеті көріне бастады. Біздің «Өтеген батыр» командамыз алғашқы ойынын «Парасат» командасына қарсы өткізіп тартысқа тола өткен кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жеттік. Алла нәсіп етіп өз тобымызда төрт кездесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жеттік. Сөйтіп, топтан бірінші орынмен жартылай финалға жолдама алдық. Жартылай финалда өз тобынан екінші орынмен шыққан «Сарыөзек» командасымен жолығып, тартысқа толы матчта 2:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алдық. Ал, финалда алғашқы ойынымызда «Парасатқа» қарсы жеңіспен бастап едік, енді сол командаға қарсы жарыстың бас кубогын үшін таласқа түсудің жолы қайта түйіскен еді. Иә, күні бойы алаңда жан аямай барын салған ардагер ойыншыларымыз расыменде қатты шаршаған еді. Оны іштей білсекте сыр білдірмей сынға түсіп барымызды салуға тырыстық. Дегенменде «Парасат» командасы бізге қарағанда тың көрініп жеңісті жұлып әкетті. Иә, спорт деген бір жеңіс бір жеңілістен тұратыны белгілі. Қалай десек те біздің «Өтеген батыр» командасының әрбір өткізген ойындарына қалың көпшілік көрермен жоғары бағасын беріп, нағыз чемпион деп айдар тағып айтып жатқандары кеудемізді қуанышқы бөлеп, жанымызға жылу сыйлады. Сонымен ойын соңында үздік ойыншылар мен үздік шыққан командаларды жарыс ұйымдастырушы БЖСМ директоры, спорт жанашыры Қайрат Шәріпұлы Бірімжанов ризашышлықпен құттықтап, марапаттады.

    Үздік шабуылшы атағы біздің «Өтеген батыр» командасының саңғыла, саңылақ ойыншысы Әнуар Әбішев марапатталды. Сонымен бірінші орынды «Парасат», екінші орынды «Өтеген батыр», үгшінші орынды «Қонаев» командасы жеңіп алды. Бауыржан Момышұлы атамыз: «Менің бойымда күш-қуатым, қайратым бар кезде мен кәрілердің тізіміне қоспаңдар», — деген екен. Спорт ол- денсаулық кепілі. Ендеше, спортты өмірлерінің шамшырағы етіп алған ардагерлердің жүгіріп салауатты өмір салтымен айналысып жүргендері жастарға үлкен үлгі-өнеге деп білеміз. Осындай тартымды, тартысты спорттық шараны ұйымдастыруға 2 МБЖСМмен бірге Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасы да өз үлесін қосқан екен. Алдарынан жарылқасын дейміз. Әрбір жарыстың айғай-шусыз тәртіппен өтуі төрешілерге байланысты екені белгілі. Осы турнирдің жоғары деңгейді өтуіне ат салысқан өз саласының мамандары Аббас Шахизада мен Жәдігер Рахмановқа қатысушылар алғастарын айтып жатты. Бауырларға зор алғысымызды айтамыз. Өйткені, ауыл-аймақтардағы спорт ардагерлеріне көңіл бөлу мақтауға лайықты қадам деп білеміз. Осындай аламан ардагерлер жарысы дәстүрлік сипат алып жатса нұр үстіне нұр болмақ.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *