Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы Беларусьтің астанасы — Минскте өтіп жатқан Даму кубогында екінші рет алаңға шығып, Ресей командасымен ойнады.
Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда Ресей құрамасымен 1:1 есебімен тең түсті. Матчтың 39-минутында Әкежан Қалиқұлов есеп ашып, Қазақстанды алға шығарды.
Ресейліктер 56-минутта есепті теңестірді. Гол авторы — Илья Всяких.
Осының алдында Қазақстан Иран құрамасын 2:0 есебімен жеңген еді.
Енді үшінші турда Қазақстанның жастары Әзербайжан командасымен ойнайды. Бұл матч 19 ақпанда болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
Посмотреть эту публикацию в Instagram