Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Ол жарысты екінші айналымнан бастап, әлем рейтингінде 62-орында тұрған жапониялық Моюки Утидзиманы 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Осыдан кейін үшінші айналымда Испанияның өкілі Паула Бадосадан (10 WTA) басым түсті.
Рыбакина 4:6, 7:6 (10:8), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Ол екінші сеттегі тай-брейкте 3:6 есебімен жеңіліп жатқан еді. Алайда төрт матч-болда басым түсіп, 10:8 есебімен жеңіп шықты. Қарсыластардың өзара кездесулеріндегі есеп 4:4 болды.
Ертең Рыбакина америкалық София Кенинмен күш сынасады. Ол осы турнирдің өткен жылғы чемпионы италиялық Жасмин Паолиниді жеңген еді.