• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Instagram

    EURO-2026: Футзалдан Қазақстан командасы Даниядан есе қайтарды

    Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу туиниріндегі төртінші ойынында Дания командасын 7:3 есебімен ойсырата жеңді.

    Ұлттық құрама алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен ойнап жатыр.

    Бүгінгі ойында ел құрамасы бірінші таймда қарсыластар қақпасын төрт рет дәл көздеді. Ойынның 1-минутында Дания құрамасы өз қақпасына автогол жіберіп алса, одан кейін Дуглас Жуниор 1, 8, Ақжол Дәрібай 6-минутта даттардың қақпасына гол соқты. Есеп 4:0 болып тұрғанда даниялық футзалшылар үш гол соғып, есепті бір допқа қысқартты.

    Екінші таймда Азат Валиуллин 28, Дамир Қайырбай 32, Дәурен Тұрсағұлов 35-минутта есепті еселеді. Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласын 7:3 есебімен жеңді.

    Сондай-ақ бүгін сағат 23:00 -де Албания мен Армения құрамалары ойнайды.

    Бұдан кейін ел құрамасы 7 наурызда өз алаңында Албаниямен кездессе, 12 наурызда Арменияға жолға шығады.

    Ел құрамасы іріктеу турнирінің алғашқы ойынында Албанияны 2:0 есебімен жеңіп, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнаса, Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *