Қытайдың Чэнду қаласында XII Дүниежүзілік ойындарындағы жауынгерлік самбодан жекпе-жектер аяқталды. Бұл сында Қазақстан қоржынына 1 алтын, 3 күміс медаль түсті. Жалқы алтын жүлдені 80 келіде күш сынасқан Ұлбосын Әділова жеңіп алды. Ол финалда 2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мавлуда Абдуллаеваға қылқындыру әдісін қолданып, жеңіске жетті. Ұлбосын Әділова ½ финалда филиппиндік Яп Ейселин Агнесті 2:0, ¼ финалда мексикалық Нэнси Эрнандесті таза ...
Read More »Daily Archives: 14.08.2025
Слаломды есуден АЧ: Екатерина Таранцева — күміс жүлдегер!
Қытайдың Сиаси қаласында слаломды есуден Азия чемпионаты жалауын көтерді. Чемпионаттың бірінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына бір күміс медаль түсті. Оны байдарка жалғыз дисциплинасында Екатерина Таранцева 104.82 нәтижесімен жеңіп алды. Ол мәреге екенші болып жетті. Азия чемпионаты 17 тамызға дейін болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Рыбакина әлемнің 6-ракеткасын жеңіп, ширек финалға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1 000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, америкалық Мэдисон Кизбен ойнап, жеңіске жетті. Қарсыластар осыған дейін бір-бірімен бес рет ойнап, америкалық теннисші соның үшеуінде жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Киз сәтті ойнады. Бірінші партияда есеп 7:6 (7:3) ...
Read More »Президент кубогы: Қазақстан теннисшілері камбэк жасады
Астанада Аружан Сағындықова мен Екатерина Дмитриченко теннистен жұптық сында Президент кубогы үшін ITF сериясы бойынша өтіп жатқан W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Олар ширек финалда жарыстың 2-ракеткалары, ресейліктер Екатерина Маклакова мен Дарья Зелинскаяны жеңді. Бірінші партияда фаворит саналған ресейлік дуэт айқын басымдылық танытты. Есеп 6:1 болып тіркелді. Екінші сетте Сағындықова мен Дмитриченко 6:2 есебімен алға шықты. ...
Read More »Министр таеквондодан жазғы Универсиада мен Азия чемпиондарын марапаттады
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов таеквондодан XXXII жазғы Универсиада мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпиондары мен осы жарыстардың жүлдегерлерімен кездесті. Оған Халықаралық таеквондо федерациясының (WT) президенті Чунгвон Чоу, Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Құдірет Шамиев, жаттықтырушылар мен жас спортшылар қатысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жиында министр доктор Чоуға таеквондоны әлемдік деңгейде дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Ербол Мырзабосынов ...
Read More »