• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: қазан 2025

    Азия чемпионаты: Қазақстанға қазақ күресінен қарсыластар көбейіп жатыр

    Бүгін Түркістан қаласында қазақ күресінен ересектер арасында өткен Азия чемпионаты аяқталды. Qazaq Kuresi ассоциациясы, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен жалауы көтерілген сарықұрлық додасында Қазақстан құрамасы 16 салмақ дәрежесінде 10 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Бүгін чемпионаттың екінші күні де белдесулер аса тартысты және қызықты ...

    Read More »

    Бала денсаулығы маңызды

    Алматыда Orzax халықаралық педиатрия конференциясы өтті. Оған бауырлас түрік елінің білікті де майталман дәрігерлері мен ғалымдары қатысты. Orzax компаниясы, еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен өткен конференцияға атақты ғалымдар, тәжірибелі педиатрлар мен балалар хирургтарымен қатар Қазақстаннан және шетелден 100-ден астам спикерлер қатысып, өз ойларын ортаға салды. Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX бүгінгі таңда биологиялық белсенді қоспалардың 200 түрін өндіріп, әлемнің ...

    Read More »

    Қазақ күресінен АЧ: алғашқы күні-ақ алты алтын, қос күміс жүлде алдық (ФОТО)

    Бүгін Түркістан қаласында Qazaq Kuresi ассоциациясы, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен төл күресімізден Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Әуелі сарықұрлық додасы басталмас бұрын қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Осы алқалы жиында Азиялық Qazaq Kuresi ассоциациясын құрылғаны туралы хабар жарияланып, оның президенті сайланғаннан кейін ...

    Read More »

    Азиялық Qazaq Kuresi ассоциациясы құрылды

    Түркістан қаласында қазақ күресінің дамуына серпін беретін маңызды жиын – Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің отырысы өтті. Азия чемпионаты аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ұлттық спорттың стратегиялық бағытын айқындап, халықаралық деңгейдегі жаңа бастамалардың негізін қалаған тарихи іс-шара болды, деп хабарлады Qazaq Kuresi ассоциациясының баспасөз қызметі. Жиынға Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, Ұлттық және ат спорты түрлері ...

    Read More »

    Түркістанда төл күресіміздің туы көтерілді

    Бүгін Түркістан қаласында қазақ күресінен Азия чемпионатының жалауы көтеріледі. Осы дүрмекті дода басталар алдында Qazaq Kuresi ассоциациясы Атқарушы комитетінің жиналысы болып, онда бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, қауымдастықтың жұмысының қысқаша есебі беріліп, стратегиялық бағдарын айқындап, шетелдік және облыстық федерацияларға тапсырмалар және есеп беру мерзімдері анықталды. Жиналыста Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов сөз сөйлеп, қауымдастықтың қызметіне есеп берді. Ол ...

    Read More »

    Адал еңбектің абыройы асқақ

    Ел үшін еткен еңбек ешқашан елеусіз қаламайды. Әрбір салада өз ісіне адал, еңбекқор жандар әрқашанда көпшіліктің алғысына бөленіп, өз ортасына қадірлі болады. Ал спорт саласына келсек, өз ісінің маманы болып бар ғұмырын спортқа арнап жемісін, жетістігін көрген адамдарды көріп тәнті боларымыз анық. Сондай жанның бірі, бірегейі  марқұм Амангелді Смағұлұлы еді. Амангелді Смағұлұлы 1941 жылы Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Сұлукөл ауылында ...

    Read More »

    Юсуф Мациев — 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс медалисі!

    Күрес түрлерінен Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатында ел қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 97 келідегі Юсуф Мациев финалдық бәсекеде Украина спортшысы Егор Якушенкодан 1:6 есебімен есе жіберді. Отандасымыз әлем чемпионатында Кио Китавакиді (Жапония) 2:1, Аршак Гегамианды (Армения) 4:0, Максим Аверинді (бейтарап спортшы) 9:1 есебімен ...

    Read More »

    Мерей Мәулетқанов — 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері!

    Күрес түрлерінен Сербияның НовиСад қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі әлемчемпионатында ел қоржынынаалғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Грек-рим күресінен 72 келіде сынға түскен отандасымыз қола жүлде үшін таласта бейтарап спортшы Данил Григоревті мерзімінен бұрын жеңді. Жарыста Мерей Болгария балуаны Сергей Стоевты 8:0, Түркия спортшысын 9:0 есебімен бет қаратпай жеңсе, жартылай финалдық тартысты белдесуде Өзбекстан өкілі Аброр Атабаевқа 1:3 есебімен жол берген еді. Айта кетейік, 22 жастағы Мәулетқанов өткен айда ғана  ересектер арасындағы дүниежүзілік бәсекеде әлем чемпионы ...

    Read More »

    Әлімжетіктің соңы – жаза

    Алматыда «Қазақстандағы қауіпсіз мектеп: миф пе, әлде шындық па?» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Басқосуда балалар мен жасөспірімдердің өзекті мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда балалар суициді мен мектептегі буллинг, Қазақстан үшін әлі де өзекті мәселе болып отыр. Баспасөз мәслихатында мемлекет тарапынан осы мәселелерді шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ бағдарламалардың авторлары мен жүзеге асырушы өкілдердің, мектеп қызметкерлері мен азаматтық сектор өкілдерінің ...

    Read More »

    «Қайрат» пен «Пафос» тең есеппен тарқасты

    Алматыда Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында «Қайрат» пен Кипрдің «Пафос» футбол клубтары ойнады. Бұл матчта гол соғылған жоқ. Ойын тең аяқталып, есеп 0:0 болып тіркелді. Ойында командалардың гол салуға мүмкіндіктері бірдей болды. Десе де қарсыластар соңғы сәтте теңбіл допты торға тоғыта алмай жатты. Жалпы, командалар жақсы ойын өрнегін көрсетті. «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбек бірнеше сейв жасап, командасын голдардан ...

    Read More »