Семейде бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Чемпионаттың қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады. Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектің қорытындысы: 50 келі: Бекзат Алдамжаров (Ақтөбе облысы) — Даниял Сабит (Батыс Қазақстан облысы) — 0:5. 55 келі: Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) —0:5. 60 келі: Бибарыс Жексен (Жамбыл облысы) — Серік Теміржанов ...
Read More »Monthly Archives: қазан 2025
«Almaty Resort» шипажайында алма фестивалі өтті
Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Almaty Resort» шипажайында Халықаралық алма күніне орай «Алма фестивалі» өтті. Күзгі маусымның жарқын оқиғасына айналған бұл шара мыңнан астам қонақтың басын қосып, салауатты өмір салтын және Алматының игі дәстүрлерін бейнелейтін мерекеге айналды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, шеберлік сағаттары, байқаулар, көрмелер мен дәм татуларды қамтитын мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Сахнада балалар мен ересектердің шығармашылық ұжымдары, ...
Read More »Әлиям Әзізова — Азия ойындарының қола жүлдегері!
Әлиям Әзізова Бахрейннің Манама қаласында пенчак силаттан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдені иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда К.Карпиодан (Филиппин) 27:46 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Әлиям Әзізова қола медальді ғана қанағат тұтты. Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА
Read More »Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды
Алматы қаласында ATP 250 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев пен рейтингіде 41-орында тұрған франциялық Корентен Муте жеңімпаз атағын сарапқа салды. Бірінші партия 7:5 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді. Екіншісінде франциялық спортшы есе қайырды. Есеп – 6:4. Дегенмен шешуші сетте Медведев 6:3 есебімен алға шықты. Осылайша, өз спорттық жолында ATP жарыстарында ...
Read More »Рыбакина Қытайдағы турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол финалда әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен ойнады. Бұған дейін қарсыластар төрт рет кортқа шығып, соның үшеуінде ресейлік спортшы жеңіске жеткен еді. Бұл жолы да бірінші партияда ресейлік теннисші 6:3 есебімен жеңді. Содан кейін Елена Рыбакина екінші сетте 6:0 есебімен ...
Read More »Академиялық ескек есуден АЧ: Қазақстан қоржыны бес жүлдемен толықты
Бүгін Вьетнамның Хайфон қаласында академиялық ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан құрамасы жарыста 2 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды. Шешуші жарыс күні спортшыларымыз 3 мәрте тұғыр сатысына көтерілді. Күміс медаль – 2000 метрге әйелдер арасында жетекшісі бар 8 спортшы (W8+). Команда құрамы – Медина Қоңырбаева, Варвара ...
Read More »Параволейболдан ұлттық құрама әлем кубогында қола жүлде алды
АҚШ-тың Форт-Уэйн қаласында волейболды отырып ойнаудан әлем кубогы үшін жарыс аяқталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы қола жүлде үшін АҚШ құрамасымен ойнады. Бауыржан Тахауов жасақтаған құрама команда алғашқы екі партияда америкалықтардан 25:23, 25:18 есебімен басым түсті. Содан кейін алаң иелері келесі сетте 25:15 есебімен жеңді. Дегенмен төртінші сетте отандастарымыз тағы алға шықты. Есеп — 25:23. Сөйтіп, қорытынды есепте Қазақстан командасы 3:1 ...
Read More »Марат Байқамұров — «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы!
Астанада Республика күніне орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы анықталды. Финалда 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев пен әскер барысы Марат Байқамұров күресті. Белдесудің екінші минутында Марат Байқамұров қарсыласының осал тұсын тауып, жауырынын жерге тигізді. Бұған дейін жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев турнирдің басты фавориты саналған «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет ...
Read More »Қазақстан академиялық ескек есуден екі жүлде алды
Вьетнамның Хайфон қаласында ересектер арасында академиялық ескек есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Күміс медаль – 2 000 метрге әйелдер арасында жеңіл салмақтағы 4 спортшы. Команда құрамы – Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина. Қола жүлде – 2000 метрге ерлер арасында жеңіл салмақтағы ...
Read More »Көгалдағы хоккейден ұлттық құрама — Орталық Азия чемпионы!
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында көгалдағы хоккейден Орталық Азия елдерінің чемпионаты өтіп, еліміздің қос командасы жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан ерлер құрамасы финалда алаң иесі Өзбекстанмен ойнап, тартысты матчта 5:4 есебімен басым түсті. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде үшін Тәжікстанмен кездесті. Бұл ойында отандастарымыз қарсылас қақпасына жауапсыз 12 гол салды. Биыл ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары