• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 18.10.2025

    Марат Байқамұров — «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы!

    Астанада Республика күніне орай Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен өткен «Қазақстан Барысы – 2025» турнирінің жеңімпазы анықталды. Финалда 2024 жылғы «Қазақстан барысы» Ерасыл Қажыбаев пен әскер барысы Марат Байқамұров күресті. Белдесудің екінші минутында Марат Байқамұров қарсыласының осал тұсын тауып, жауырынын жерге тигізді. Бұған дейін жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев турнирдің басты фавориты саналған «Қара бура» лақап атымен танымал Нұрдәулет ...

    Read More »

    Қазақстан академиялық ескек есуден екі жүлде алды

    Вьетнамның Хайфон қаласында ересектер арасында академиялық ескек есуден өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 2 медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Күміс медаль – 2 000 метрге әйелдер арасында жеңіл салмақтағы 4 спортшы. Команда құрамы – Роза Кеңес, Мария Чернец, Екатерина Носкова, Ирина Чудина. Қола жүлде – 2000 метрге ерлер арасында жеңіл салмақтағы ...

    Read More »

    Көгалдағы хоккейден ұлттық құрама — Орталық Азия чемпионы!

    Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында көгалдағы хоккейден Орталық Азия елдерінің чемпионаты өтіп, еліміздің қос командасы жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан ерлер құрамасы финалда алаң иесі Өзбекстанмен ойнап, тартысты матчта 5:4 есебімен басым түсті. Ал Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде үшін Тәжікстанмен кездесті. Бұл ойында отандастарымыз қарсылас қақпасына жауапсыз 12 гол салды. Биыл ...

    Read More »