• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 04.12.2025

    Күн тәртібінде кезек күттірмейтін мәселе көп

    Бүгін «Қазақстандық спорт ардагерлері Одағы» РҚБ еліміздің спорт ардагерлері қауымдастығы үшін маңызды оқиғалардың бірі – Одақтың жоғары басқарушы органы конференциясын онлайн форматта өткізді, деп хабарлады спорт ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігі. Бұл кезектен тыс конференцияның күн тәртібіне қойылған мәселелер ұйымның бүгінгі тынысын ғана емес, болашақтағы даму бағытын айқындауға бағытталды. Конференцияда аймақ өкілдері Одақтың жұмысына қатысты алдын ала есепті ұсынып, жаңартылған ұйымдық ...

    Read More »

    Таэквондодан U21 ӘЧ: Темірлан Тілеулес — қола жүлдегер!

    Таэквондодан Кенияның астанасы Найробиде өтіп жатқан U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың екінші күнінде 63 келідегі Темірлан Тілеулес жартылай финалға дейін жетіп, драмаға толы жекпе-жекте Түркия спортшысына соңғы секундта есе жіберді. Кеше Бейбарыс Қаблан U21 санатындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтын жүлдесін иемденген еді. 3-6 желтоқсан ...

    Read More »

    Білімді мыңды жығады

    Жуырда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентінде орналасқан №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің қабырғасында тартымды, тағылымы зор кездесу болды. Кештің құрметті қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, жазушы, Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhарманы Ақын Ордабайұлы еді. Осындай келелі кездесуге ұйытқы болған айтулы мектептің директоры Аяулым Жақашбайқызы Керімқұлова кездесу кешінің жақсы өтуіне бар жағдайды туғызыпты. Мектептің ішіндегі акт ...

    Read More »