Теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінде жарыс көрігін қыздырып жатыр. Олар жартылай финалға шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыста қазақ қыздары 4-ракетка болып тіркелген. Ширек финалда теннисшілер Мажарстанның Мелинда Биро мен Аустрияның Клаудиа Гаспарович есімді қарсыластарымен ойнады. Ойында Асылжан мен Іңкәр қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:1, 6:0 есебімен ойсырата ...
Read More »Daily Archives: 18.12.2025
Australian Open, қазақ балаларын қарсы ал!
Мельбурн қаласында 24 қаңтар — 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысатын теннисшілердің тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. -Қазақстаннан негізгі жарыста үш жас теннисші бақ сынайды. Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді, — делінген ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары