• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 22.01.2026

    Қазақстан шорт-тректен төрт медаль жеңіп алды

    Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдың Цитайхэ қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады Шорт-трек федерациясы. Ұлттық құрама бұл жарыста төрт жүлдені жеңіп алды. Спортшылар ерлер және әйелдер эстафеталарында екі рет күміс медаль иеленді. Сондай-ақ Алина Галечина 1500 метрлік қашықтықта үшінші нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы аралас эстафетада да үшінші орынға ие болды. ...

    Read More »

    Александра Скороходова тау шаңғысынан жеңімпаз атанды

    Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ол әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды. Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге бірінші болып жетті. Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үшінші орынға АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер ие болды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »