Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов балуандардың әлем чемпионатындағы күресіне көңілі толмайтынын айтып, барша жанкүйерден кешірім сұрады, деп хабарлайды SportPress.kz. Ол балуандардан бұдан да жақсы көрсеткіш күткенін, алдағы уақытта нәтижені жақсарту федерация жұмысының басты міндеті болатынын атап өтті. «Балуандардың әлем чемпионатындағы нәтижесіне көңілім толмайды. Біз бұдан жақсы көрсеткіш күткен едік. Ал чемпионатты ұйымдастыру тұрғысынан Астана өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. ...
Read More »Daily Archives: 03.11.2026
Біріккен күрес әлемі ұйымы әлемдік додаға жақсы баға берді
Біріккен күрес әлемінің (UWW) президенті Ненад Лалович Астанада күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатының ұйымдастырылуына жақсы баға берді, деп хабарлайды SportPress.kz. Биылғы әлемдік дода 1 қарашада мәресіне жетті. Осы күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде әлем чемпионаты салтанатты жағдайда аяқталып, жер-жүзінің 135 елінен келген 900-ден астам балуан өз елдеріне қайтты. Астанадағы дүрмекті дода тоғыз күнге созылды. Осы уақытта балуандар 30 салмақ ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары