Қазақстан құрамасы Сенегалдың Дакар қаласында өткен IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз екі алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Дзюдодан 52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева, ал тасжолдағы велоспорттан жекелей уақытқа жарыста Әнел Тәшбай Олимпиада чемпионы атанды. Боксшылар Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) Қазақстан қоржынына күміс медаль ...
Read More »Daily Archives: 13.11.2026
Жасөспірімдер Олимпиадасы: Айбар Қайым күміс жүлдегер атанды
Семсерлесуші Айбар Қайым Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында бақ сынады. Отандасымыз сабля бәсекесінің финалында түркиялық Жандениз Берракпен кездесіп, одан 15:6 есебімен жеңілді. Ал Айбар Қайым жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады. Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 кг) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль алса, боксшылар Бибарыс Әшірбай (70 кг) мен Ақнұр Тұрсынғали ...
Read More »Бибарыс Әшірбай – жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдесін алды
Боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегалдың астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен британдық боксшының басымдығын мойындады. Осылайша, Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарын екінші орынмен аяқтады. Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 ...
Read More »Ақнұр Тұрсынғали — жасөспірімдер Олимпиадасының күміс медалисі
Боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Сара Кампоспен жұдырықтасты. Алғашқы раундта Ақнұр Тұрсынғали басым түсті. Дегенмен бразилиялық боксшы екінші және үшінші раундтарда тізгінді өз қолына алып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде алты медаль бар. Бұған дейін дзюдошы ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары