• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия кубогы

    Дзюдодан Азия кубогы: Қазақстан құрамасы төрт жүлде алды

    Қытайдың Ханчжоу қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Азия кубогы үшін жарыс аяқталды. Қазақстанның дзюдошылар құрамасы құрлықтық жарыстан 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде алды. Соның нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Ұлттық құрамадан Ермек Амангелді (73 кг) кубоктың иегері атанса, Табылды Бигембаев (66 кг) пен Әлішер Слямжанов (90 кг) күміс, Ұлықбек Әбілқайыр (66 кг) қола медаль ...

    Read More »

    Семсерлесушілер Азия кубогының иегері атанды

    Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ташкент қаласында (Өзбекстан) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия кубогының екінші күнінде бірнеше жүлдеге ие болды. Рапирамен семсерлесуден командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарын жеңіп, Кубоктың иегері атағын алды. Қазақстан құрамасы қылыш қаруымен айқасудан қыздар арасындағы командалық сайыста екі жүлдені иеленді. Күміс медальді Найля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық пен Леона Югай ...

    Read More »

    Теннисші Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте көтерілді

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады. Бұл тізімде 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы атап  айтарлықтай ұпай жинап, бірден 29 сатыға жоғарылады. Қазір ол 25-орында тұр. Биыл ол жасөспірімдер арасында өткен АҚШ ашық чемпионатының (US Open) жартылай финалына дейін жеткен еді. Әмір Омарханов өз нәтижесін сақтап, 28-орында қалды. Ал Дамир Жалғасбай үздік 50 спортшының қатарына енуді мақсат етіп отыр. Ол ...

    Read More »

    Семсерлесушілер кадеттер арасындағы Азия кубогында үш жүлде алды

    Семсерлесуден кадеттер арасында өтіп жатқан Азия кубогының алғашқы күнінде Қазақстан үш медаль жеңіп алды. Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында кадеттер арасында семсерлесуден Азия кубогы басталды. Осы жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасы үш жүлдені жеңіп алды. Олардың бәрі  — қола медаль. Наиля Исхакова қыздар арасында қылышпен айқасудан үшінші орын алса, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу рапирамен семсерлесуде қола жүлдеге ие болды. Бұған ...

    Read More »

    Сайыпқыран: Қытайда желден жүйрік қандастарымыз бар

    Бүгін Қытайдың Үрімжі қаласында өткен жартылай марафонда үш бірдей қандасымыз топ жарды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.  Марафонда Санжы институтының студенті, бірінші разрядты спортшы Ерен Елеусіз мәре сызығын 1 сағат 6 минут 54 секундта кесіп өтіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Оның ізінше Қазез Бектұрсын мен Тұрәбіл Төлеухан да көмбеге жетіп, күміс және қола медалдарды иеленді. Бүгінгі дүбірлі додада толық марафон, жартылай марафон және ...

    Read More »

    Ушудан Азия кубогы: Қазақстан қоржынына сегіз жүлде түсті

    Бүгін Қытайдың Жилинг қаласында ушу саньдадан ересектер арасындағы Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Халықаралық және Азия ушу федерациясы ұйымдастырған жарысқа құрлық пен Тынық мұхиты аймағының 21 елінен 200-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан командасы биыл 9 ушу шеберін апарып, 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, — делінген хабарламада. 1-орын: Бексұлтан Қоскенов (65 ...

    Read More »

    Дзюдодан жастар арасында Азия кубогының иегерлері анықталды

    Алматы қаласында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Федерацияның хабарлауынша, төрт күнге созылған жарысқа ел спортшыларымен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Моңғолия, Үндістан, Ливан, АҚШ және IJF құрамаларынан 800-ден астам дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастады. Жасөспірімдер құрамасы 5 алтын, 4 күміс, 12 қола, ...

    Read More »

    «Қайрат» құрамын бразилиялықтармен толтырып жатыр

    «Қайрат» пен Чехияның «Виктория» (Пльзень) футбол клубтары Бразилияның шабуылшысы Рикардиньоны бір жылға жалға алу туралы келісім жасасты. Алматы қаласы футбол клубының хабарлауынша, оның жасы 24-те. Алаңда шабуылшы болып ойнайды. Бойы — 180 см. Салмағы — 74 кг. Рикардо Виана Фильо — Сан-Паулу штатында туған. Ол осы аттас клубтың түлегі. Кәсіпқой футболшы болып алғаш рет жасыл алаңға «Гремиода» клубының жейдесін киіп ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары – садақ атудан Азия кубогының иегері!

    Қазақстан құрамасы Сингапурда өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогының екінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Құралмалы садақпен (Compound bow) атуда Әдел Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы (микст) финалда Үндістаннан 155:153 есебімен басым түсті. Тағы бір финалда Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан барған қарсыластарын 235:231 есебімен жеңді. Бұл сында еліміздің намысын ...

    Read More »

    Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде алды

    Сингапурда садақ атудан Азия кубогының кезеңі болып жатыр. Жарыста Қазақстан садақшылары әйелдер командалары арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін бақ сынады. Қазақстан құрамасы Бангладеш спортшыларымен нысана көздеп, оларды 230:224 есебімен жеңді. Команданың намысын Әдел Жексенбинова, Роксана Юнусова мен Виктория Лян қорғады. Енді Азия кубогының алтын жүлдесі үшін Үндістан мен Малайзия командалары бақ сынайды. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістаннан небәрі ...

    Read More »