• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия ойындары

    Азиадада волейболшыларымыз ширек финалға шықты

    Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы топтық кезең аяқталды. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы екінші ойнын үш дүркін Олимпиада чемпионы Қытай құрамасымен ойнады. Матч 0:3 (18:25, 6:25, 14:25) есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Филиппин командасын жеңіп, ширек финалға ...

    Read More »

    Азия ойындарына Қазақстаннан 559 спортшы тіркелді

    Туризм және спорт министрлігі  Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының мәліметіне қарағанда, Қазақстан ұлттық құрамасынан 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін 559 спортшысы тіркелді. Бұл бәсекеде отандастарымыз жарыс бағдарламасына енгізілген 43 спорт түрінің 35-і бойынша жүлдеге таласады. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, өтінімдерге сәйкес ...

    Read More »

    Азиада алауы: Қазақстан спортшыларының әлеуеті зор

    19 қыркүйекте Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының жалауы көтеріледі. Жарыстар Токио қаласы мен Сидзуока, Осака және Гифу префектураларындағы ареналарды қоса алғанда, 50-ден астам спорт нысанында болады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енгізілді. Жалпы 469 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі енгізілсе, соның 35-інде отандастарымыз медаль үшін таласады. ...

    Read More »

    Азиада: ауыр атлетикадан ұлттық құрама жасақталды

    Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи провинциясы мен Нагоя қаласында жалауы желбірейтін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Дүрмекті додасында ел намысын ерлер арасында Өтепберген Әлиев (60 кг), Сайрамкез Ақмолда (65 кг), Бексұлтан Айтбай (75 кг), Алексей Чуркин (85 кг), Нұрғиса Әділетұлы (95 кг) қорғайды. Ал әйелдерден Екатерина Алякина (57 кг), Арай Нұрлыбекова (69 кг), Аянат Жұмағали (77 кг), ...

    Read More »

    Жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

    Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы V Азия Пара ойындары өз мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ойындардың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 68 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 23 күміс және 20 қола жүлде бар. Жалпы медальдық есепте Қазақстан командасы 45 мемлекеттің ішінде бесінші орынға ие болды. Жарыста Қазақстан атынан 60 спортшы 9 спорт ...

    Read More »

    Әлиям Әзізова — Азия ойындарының қола жүлдегері!

    Әлиям Әзізова Бахрейннің Манама қаласында пенчак силаттан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдені иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда К.Карпиодан (Филиппин) 27:46 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Әлиям Әзізова қола медальді ғана қанағат тұтты.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    912 медаль – 8 айдағы рекорд: отандық спортшылар тарихи нәтижеге жетті

    Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Отандастарымыз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға ...

    Read More »

    Қысқы Азиада: 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға қаржылай сыйақы берілді

    Мемлекет басшысының халықаралық аренада үздік нәтиже көрсеткен спортшыларды ынталандыру туралы тапсырмасына сәйкес, Қытайдың Харбин қаласында өткен IX қысқы Азия ойындарында үздік атанған отандық спортшыларды қолдау мақсатында Үкімет қаулысымен 372,6 миллион теңге бөлінді. Қаржылай сыйақы Азия ойындарында үздік 85 спортшы мен 32 жаттықтырушыға берілді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Қытайдағы ақ Азиадада отандастарымыз 4 алтын, 9 күміс және 7 ...

    Read More »

    Арулардың айшықты мерекесі

    Тал бесіктен тербеткен аналар ұлттың қайсар ұлын тәрбиелейді. Жаугершілік заманда да ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару ұстап елін қорған халық эпосындағы Гүлбаршын, Құртқа, Ақжүніс, Назымдар, бергі дәуірде Домалақ ана, Айша-бибі, Ұлжан, Ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қол бастаған Бопай, ел билеген Айғаным, Ұлпандар еліне демеу, еріне сүйеу бола білген.  Сонымен қатар, көрікті кескін келбетімен, елмен елді ақылдылығымен, даналығымен ...

    Read More »

    Ақ Азиада аяқталды

    Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды. Күміс жүлдені ...

    Read More »