• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Есімі ел есінде

    Асқар тау алыстаған сайын биіктейді

    Атам Омар Кенжалыұлы туралы бір үзік сыр Бүгін – Ұлы Жеңіске 75 жыл! Иә, біз үшін қан майданда жанын беріп, жаумен соғысқан аталарымыздың жеңісі – Ұлы Жеңіс! Бұл соғысты гитлерлік Германия 1939 жылы Польша территориясынан бастады. Одан әрі ол Кеңес Одағының аумағына ұласты. Мұндай алапат соғыс тарихта бұрын-соңды болмаған екен. Кеңес Одағында 1941 жылы басталған шайқасты Ұлы Отан соғысы десе, ...

    Read More »

    Көзден кетсе де, көңілден кетпейді

    Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Әбдісағит Тәтіғұлов жөнінде Бұл азамат жөнінде кезінде республика баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Өйткені, оның қазақ сәулет өнерінде, құрылыс саласында, ғылымында алар орны ерекше-тін. Атақты сәулетші сұлу шаһар Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің жобасы үшін бір топ авторлармен бірге Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды. Иә, Әбдісағит Тәтіғұловтың сызған негізгі жобасы бойынша көркем де сұлу Алматы шаһарындағы тұрғызылған көп ...

    Read More »

    Бекзатым-ай!!!

    …СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫ бүгінгідей көз алдымда!!! Ол Олимпиадаға ҚР мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаев ағаның тоқпағының арқасында барған мен Алла сәтін салып, 22 күн Олимпиада қалашығында жаттым. Сонда Бекзатпен жатқан бөлмелеріміз қол созым ғана жерде болып, 22 күн бойы құшақ айырмай, сырласып бірге жүрдік! Бекзаттың әрбір шайқасынан кейін сол кездегі министрліктің  Штаттағы командалар және спорт резерві дирекциясының басшысы Серік Түкиев екеуміз оның бөлмесіне арнайы ...

    Read More »

    «Өлісін риза қылатын…» Америка-ай!!!

    …Американың көп әдетін, көп ғұрпын қабылдамай жатамыз. Ол жөн де шығар. Өйткені ондай қасиет өзімізде де, елімізде де жоқ! Алысқа кетпейін. Таяуда Ұлттық Баскетбол Қауымдастығы тарихында өшпес із қалдырған ойыншы Коби Брайант тұтқиыл келген ажалдан қайтыс болды. Содан бері бүкіл Америка аза тұтып, көз жастарын тия алмауда. Бұл 300 миллионға таяу халық тұратын елдің бәрі баскетбол ойнаған жоқ қой! Олар ...

    Read More »

    Тоқсан жылға арналған торқалы той

    Қазақ спортын өрге сүйреп, еліміздегі жалпы спорттың дамуына бар ғұмырын сарп етіп үлесін қосқан асыл азаматтар жетеді. Солардың бірі де бірегейі Каркен Ахметов еді. «Жақсылық суға батпас, жарыққа бір шығар, жатпас», – деген екен халық даналығы. Жақсы істерімен халық ауызында қалған ардақты жан Каркен Ахметов тірі болса биыл 90 жасқа толмақ екен. Енді сол ел құрметіне бөленген асыл азмат туралы ...

    Read More »

    Асыл Ана

    Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған.   Ғафу Қайырбеков   Біз анамыз Ұлмекен Төленқызын бала кезімізден «апа» деп айтып өскенбіз. Апамның немерелері де оны осылай айтатын еді. Ол кісі 1936 жылы туған. Өзі де «Тышқан жылы туғанмын» деп айтып отыратын. Апамыз әкеміз Омар Кенжалыұлына жастайынан тұрмысқа шыққан екен. Содан бері екеуі өмір бойы бір-бірінің қас-қабағына ...

    Read More »

    Боксшы Бекзат Саттархановтың ата-анасына құрмет көрсетілді

    Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың әкесі Сейілхан Саттарханұлымен, анасы Сырлыкүл Саттархановамен және  Бекзаттың рөлін сомдаған «Astana Musical» мемлекеттік театрының актері Самат Әзімқұловпен кездесті, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі. Ведомство басшысы XXVII Олимпиадада жартылай жеңіл салмақта чемпион атағын жеңіп алып, қазақтың мерейін асқақтатқан былғары қолғап шебері Бекзаттай ...

    Read More »

    Ер аға

    Ер ағаның есімін бала кезден бері білемін. Ал ол кісімен жүзбе-жүз көрісіп, жақын танысқан кезім – 2004 жылдың сәуір айы болатын. Сол жылы «Астана ақшамы» газетінен «Егемен Қазақстан» басылымына ауысып, жұмысымды 100 жылдық тарихы бар қазақ баспасөзінің қара шаңырағында жалғастырған едім. «Егеменге» барғанда әкем Жұмабек Омарұлы Кенжалин: «Жақсы жерге бардың. «Егемен» – ел газеті. Ал Ержұман Смайыл – қазақ журналистикасының ...

    Read More »