• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Таудан тартылған аспалы жол

    Ауыл спортының майталманы, туған жерінің жотасындағы тауға шаңғыдан аспалы жол салып, жастардың қысқы спорт түрімен айналысуына жағдай жасаған ардақты азамат Ноғай Мүсірбаев туралы бір үзік сыр.

    Қысқы спорт түрлерінен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары арасынан алтын жүлдені жеңіп алған жерлесіміз, төрт жылда бір айналып келетін дүрмекті доданың төрт дүркін күміс, екі дүркін қола жүлдегері, төрт дүркін әлем чемпионы, Владимир Смирнов елімізге ғана емес, қысқы спорттан аты әлемге танымал жанның бірі екені анық. Қазақстан  спорт тарихында алтын ізін қалдырған Смирновтың қысқы спорт десе бірден еске түсетіні мәлім. Дегенмен де, Көкшетаудың Шущье қаласында туып, кіндік қана тамған спорт жұлдызы Владимир Михаилович көп жылдар бойы Швецияда тұрып жатыр. Норвегия секілді қалаларда өзінің тәжірбиесін халықпен бөлісіп, қысқы спорт түрінен жаңа бағдарламалар, шаралар ұйымдастырып, жастарға лекция оқиды екен. Иә, туған еліне келмейді емес, анда-санда келіп кетіп жатады. Бірақ, әрбір сағаты мен минуты өлшемді атақты биатлоншы келіп кетіпті дегенді соңынан естіп қаламыз. Өзге елде береке тапқан жан Қазақстандағы қысқы спорт түрін дамытуға көмек жасаймын дегені, мен үшін ақылға сыймайды. Смироновтың Швеция мен Норвегияда өз кәсібі бар, сол жақта тұрақталып, қамсыз өмір сүріп жатыр. Сондықтан туған елге тек қана қонақ  ретінде келіп кететіні белгілі. Сондықтан еліміздің биатлон спортын дамытуға өзінің бай тәжірбиесін шет жерге емес, Қазақстанға жұмсау үшін тек бір шешім ғана бар. Оның шешімі елге көшіп келіп тұруы керек. Ал, атақты спортшының бойынан әзірге ондай  қадамды  көру мүмкін болмас. Өйткені, бойжетіп қалған келе жатқан екі қызы да швед тілінде сөйлеп, сол тілде білім алады екен. Әр адамға отбасының жағдайы бірінші кезекте тұратыны белгілі. Ал, Владимирдің жанұясы үшін Швеция жайлы мекен болып тұрғаны сөзсіз. Әрине, әйгілі спортшыға біздің ешқандай өкпеміз болмас. Дегенмен де Қазақстан спортын меніңше, осы елде туып өсіп, осы елдің намысын жыртатын, қандай қиындық болса да туған елді тастап кетпейтін,  ұлтжанды, ер намысты қазақ жастары ғана қазақ елі үшін жаны ашиды деп ойлаймын. Кезінде Олимпиада асуын бағындырған Василий Жиров те елімізден алыс сонау Америкада тұрады. Сонда, Қазақстанның болашығына олар неге үлес қоспайды. Неге өздері алтын жүлде алған спортына алтын медаль алуға лайықты ізбасарларды қазақ жеріне келіп, дайындамайды екен деген сұрақ мені мазалайды. Осы қазақ жерінде, топырағында туып өсіп, осы қасиетті жердің ас-суын татып, өсті емес пе. Ол бір өзекті сұрақ деп ойлаймын. Меніңше, «Қазаққа тек қазақтың ғана жаны ашиды» деп, ел ішінде айтылатын сөз бекер болмаса керек. Мен осы туралы «Ауыл спорты» телехабарымен  ел аралап жүргенде көзім жеткен еді. Енді осы ойымды  тарқатайын.

    Бірде мен Нарынқол елді мекенінде қысқы спорт түрін дамытуға зор үлесін қосқан қазақ жігіті Ноғай Мүсірбаев туралы естідім. Ол кісінің ауылында шаңғы спортын дамыту үшін тіпті  тауды бойлап аспалы жол жасағынын және жыл сайын осы ауылдың тумасы, ауыл спортының жанашыры Бауыржан Талқыбаевтың қолдаумен жыл сайын Ноғай Мүсірбаевты еске алуға арналған шаңғы спортынан жарыс ұйымдастырылып тұратыны туралы естіп білдік. Осындай ақпаратты естіп қанық болғаннан кейін, сол жарысқа қатысып, Ноғай ағамыздың салған аспалы жолын көріп қайту үшін сапарға шықтық. Нарынқолға келгеннен кейін біз бірден Ноғай ағамыздың үйіне бет алдық. Қазақы қонақжайлығымен ағамыздың жары Роза апай мен күрестен ел біріншілігінде топжарып жүрген баласы Тимур  бізді жылы-шыраймен қарсы алды. Сосын ас-дәм тартылып, әңгіме тиегі ағытылды. Ноғай ағамыздың аспалы жолы мен қысқы спорттағы ерен еңбегін өмірлік жолдасы Роза апаймыз майын тамызып жақсылап айтып берді. Ноғай Мүсірбаевтың қайтыс болғанына бірталай жыл болса да, артына қалдырып кеткен өшпес ізі ауыл жастарына үлкен-өнеге болып келеді екен. Ал, өзі салып кеткен аспалы жолы шаңғымен айналысатын ауыл балаларына әлі күнге дейін жарыс жолы болып қалыпты. Қазақ жастары арасынан шаңғы спортынан дарынды ауыл жастарын шығаруды көптен ойлап жүрген Ноғай ағамыз, бір күні ойдағы ісін асыру үшін белсене кірісіп кетеді. Таулы жотадан құлдилай құлап түсетін арасы бір шақырым аспалы жол тұрғызады. Игілікті  істі бастаушыға қолдаушылар да табылады емес пе. Ноғайдың бел түре белсене кіріскен жұмысына бүкіл Нарынқолдың тұрғандары келіп қол ұшын, еңбек күшін көрсете бастайды. Негізі, Ноғай Мүсірбаев 18 жылдай Нарынқолдағы Балалар мен жасөпірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет етіп жүргенде көптеген ауылдың талантты  жастарының үлкен спортқа қанат қағуына жәрдем берген екен. Өңірдегі бұқаралық спорттың дамуына орасан үлес қосқан азаматтың еңбегі еленіп, ауыл төріндегі  стадионның аты беріліпті. Ол стадионда жыл сайын Ноғай Мүсірбаевтың атында ауданаралық жарыс өткізіліп тұратын болыпты. Бұл турнир дәстүрлік жарыстың біріне айналғаны туралы ауыл тұрғындары қуана айтып берді. Ноғайдың бел шәкірттерінің бірі Руслан Жұмабеков грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы және Азия сайысының қола жүлдегері. Русланның өзгеден ерек дарындылығын байқаған Ноғай ағамыз жас балуанды Алматыдағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт мектебіне алып барып оқуға түсуіне көмеген аямаған екен. Сонымен қатар, теннистен Света Рүстемова, дзюдо мен қазақ күресінен спорт шебері  Жантелі Бозбашаев және грек-рим күресінен спорт шебері Алтай Асқарбек секілді ауыл таланттарын тәрбиелеп, ұлы  дүбірге қосқан білікті бапкер Ноғайды ауыл мақтан ететін көрдік. Ал, өзінің  ұлы Тимур мен қызы Айнұр  2003 жылы Алматыдағы Деншынықтыру және спорт академиясын тәмамдап, үлкен спортта табысты өнерімен жетістіктерге жетіпті. Айталық, Тимур елімізде еркін күрес әлеміне жақсы танымал. Ол спорттың осы түрінен Бауыржан Момышұлы атындағы Бүкілодақтық турнирдің жеңімпазы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Якутияда өткен Ивановтың атындағы халықаралық жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алған балуан. Ал, айдай сұлу ару қызы Айнұр да үлкен спорттан қара жаяу емес. Ол таушаңғы спортынан Алматы облысының чемпионы. Міне, Ноғай ағамыздың көзінің ағы мен қарасындай ұл-қыздарының үлкен спорттағы жеткен жеістіктері осындай. Айтулы отбасының отанасы, Ноғайдың өмірлік жары Роза апаймыз да да спорттан құр алақан емес болып шықты. Роза Насырқызы қазақ қыздары арасынан ауылдан шыққан талантты спортшы. Апайымыз 1974 жылы «Буревестник» қоғамының  ұйымдастырумен  өткен тау шаңғысынан республикалық жарыста күміс жүлдені иеленген. Көпсайыс түрінен екі дүркін  республика чемпионы және бірнеше дүркін жүлдегері. Сонымен қатар, Роза Насырқызы теннистен де ел чемпионы. Қазақтың Денешынықтыру және спорт академиясындағы  тау шаңғысы бөлімін аяқтаған білімі жоғары спортшы.

    Отағасы Ноғайдың үлкен спортқа деген қызығушылығы бала-шағасына жақсы әсерін беріп, жанұясы түгелдей үлкен спортқа белсене араласып кеткен екен. Ноғай ағамызда сол 1974 жылы айтулы спорт академиясындағы жеңіл атлетика бөлімін бітіріп, спорт шебері атанады. Осылайша, Ноғайдың өмір жолынан біраз ақпар беріп өткенді дұрыс санадым. Өйткені, ауылдан шығып, үлкен жетістікке жеткен спортшылардың көпшілігі қалада тұрақтап қалып жататыны  жақсы мәлім. Ал, «Туған жерге туыңды тік!», демекші, Ноғай ағамыз туған ауылының спортын нақтырақ айтсақ, тау шаңғысы спортын дамыту жолында аянбай еңбек еткен жан. Өкінішке орай, алға қойған көптеген армандарына жете алмай, тосыннан келген ажалдан көз жұмып, бақилық дүниеге кете барыпты. «Ауылын көріп азаматын таны», демекші, қарапайым ауылдың ақжарқын азматтарымен емін-жарқын әңгімелесіп, өзімнің ауылымдағы ағайындарға барып қайтқандай күйде болдым. Ноғай соғып салып кеткен тау шаңғысынан аспалы жолды көріп, ардагер спортшының атындағы жарысты үлкен әсермен тамашалдық. Ауылдың қарадомалақ ұл-қыздары биатлон спортын әжептеуір меңгеріп алғанын, тартысты көрсеткен ойындарынан көріп риза болдым.

    Тау шаңғысынан өткен ауданаралық жарыста тігілген бәйгенің көпшілігін Ноғайдың  шәкірттері жеңіп алды. Өзі өлсе де қалдырған ізі өшпеген ауыл спортының жаншыры, тау шаңғысының тұңғыш болып, тау  жотасынан болашаққа аспалы жолын қалдырып кеткен, ардақты жан Ноғай Мүсірбаевтың есімі ел есінде ұмытылмайтынына көзіміз жетті. Ноғайдың арманы әлем, Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан өзі туған ауылынан талантты спортшыны дайындап шығару болған екен. «Атпаз көрген ат таныр», демекші, ұстазы салып кеткен сара жолды, шәкірттері абыроймен жалғастырып келе жатқаны қуантады. Мен жоғарыда шаңғы спорты мен бокстан Олимпиада шыңын бағындырған  спортшылардың Қазақстанның емес, өзге жұрттан пана тауып, өзге жұрттың жыртысын жыртып жүргені туралы тілге тиек еттім. Сондай атақты споршылар қазақ жерінде жастарымызға білген-түйгенін үйретіп жатса, ел алғысын алып жатпай ма. Ал, өзіміздің қазақ жастарының қысқы спорт түрлерінен Олимпиадаға сүрлеу салып жатса, қалайша  қуанбасқа. Ол үшін өңірлерде Ноғай сияқты  қысқы спорт түрлерін дамытуға бар күш-жігерін салған Алаштың асыл ұл-қыздарын көптеп баурап тәрбиелеу керек. Күндердің күнінде бір қазақтың баласы қысқы спорт түрлерінен Олимпиада, әлем жарыстарында топжарып шығатынына нық сенімім бар. Арман адамды алға жетелейді емес пе.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Алматы облысы, Нарынқол ауданы.

    2 пікір

    1. registraciya-karty-club.ru

      Экономиканы? ж?не халы?ты? сапалы ?рі ?ауіпсіз автомобиль жолдарына м??тажды?ын ?ана?аттандыру, сондай-а? ?аза?станны? транзит-к?лік ?леуетін іске асыру ма?сатында автожол саласында бір?атар ба?дарламалар ?абылданды, олар: ?аза?стан Республикасыны? автожол саласын дамытуды? 2001 – 2005 жылдар?а арнал?ан мемлекеттiк ба?дарламасы (2001 жыл), ?аза?стан Республикасыны? автожол саласын дамытуды? 2006 – 2012 жылдар?а арнал?ан мемлекеттiк ба?дарламасы (2005 жыл), ?аза?стан Республикасында к?лік инфра??рылымын дамыту ж?ніндегі 2010 – 2014 жылдар?а арнал?ан ба?дарлама (2010 жыл), ?аза?стан Республикасы к?лік ж?йесіні? инфра??рылымын дамытуды? ж?не ы?палдастыруды? 2020 жыл?а дейінгі мемлекеттік ба?дарламасы (2014 жыл), сондай-а? «Н?рлы жол» инфра??рылымды дамытуды? 2015 – 2019 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасы (2015 жыл).

    2. Марина Цветаева

      Мемлекет басшысыны? 2018 жыл?ы 5 ?азанда?ы «?аза?станды?тарды? ?л-ау?атыны? ?суі: табыс пен т?рмыс сапасын арттыру» атты ?аза?стан хал?ына Жолдауын іске асыру ж?ніндегі жалпы?лтты? жоспарды? 19-тарма?ы: «?аза?стан Республикасыны? туристік саласын дамытуды? 2019 – 2025 жылдар?а арнал?ан мемлекеттік ба?дарламасын ?зірлеу ж?не ?абылдау»; Елбасыны? 2018 жыл?ы 10 мамырда?ы ерекше ?ор?алатын таби?и аума?тарда а?шылы?-олжалы?, экологиялы?, этнографиялы? ж?не агротуризмді дамыту шараларын к?здейтін туризмді дамытуды? мемлекеттік ба?дарламасын ?зірлеу ж?ніндегі тапсырмасы; «5 институционалды? реформаны іске асыру» ?лт жоспары ж?ніндегі 100 на?ты ?адам», атап айт?анда туристік кластерлерді ??руды? табысты т?жірибесі бар стратегиялы? (негізгі) инвесторларды тарту ше?берінде индустрияландыру ж?не экономикалы? ?су бойынша институционалды реформаны іске асыру

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *