(Қыран бүркіт не алмайды салса баптап…)
«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем ететін нәрсе».
Ғабит МҮСІРЕПОВ
–Намысы жоғары елінің патриот ұл-қыздарын тәрбиелеп шығару мектеп қабырғасынан басталары белгілі. Сондықтан да жасөспірімдердің тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу ұстаз қауымына артылар жауапты сын. Осы орайда, К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры, «Құрмет» орденінің иегері, педагогика ғылымдарының магистрі, профессор Сейілхан Бақтығалиұлы ҚАРАҚОВТЫҢ ой-пікірімен бөліссек.
–Бұл мектеп қазір жаңа заман ағымына орай, айырықша жаңа көрініс алып тұрған сияқты. Көп жылдан бері құрылысына қол тимеген спорт кешені бүгінде жаңарып, замануи келбетке ие болған екен. Әсіресе, су жаңа салынған дзюдо ғимараты алыстан көз тартады. Мектепте осыншама жаңғыру мен жаңаруды қай уақытта бастап едіңіздер? Кім қолдау көрсетті? Үлкен іске үрікпей кіріскеніңіздің себебі неде болды?
–Біріншіден, айта кетерім, мен осы мектепке басшылық қызметіне 2016 жылы келдім. Сол уақыттан бастап Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен вице-министр Сәкен Жүнісбекұлының қолдауымен колледжде толықтай жаңарту құрылыс жұмыстары басталды. Алдыменен біз жатақханада құрылысты бастауды жөн көрдік. Өйткені, жасөспірімдердің біріншіден, жатар-жайын жақсартып, тұрмысын түзетпей, үлкен талаптар қою бекер екендігін жақсы білдік. Сондықтан да жатақхана мәселесі күн тәртібінде бірінші тұрған болатын. Осылайша, 250 орындық жатақхананың төсек-орындарын түгелдей жаңартып, заманға сәйкес ауыстырдық. Бұл жерде қоса кетер бір жәй, балалардың жағдайын жасауда «Самұрық-Қазына» Ұлттық әлеуметтік қорымен бірге осы мектептен түлеп ұшқан көптеген жомарт жанды кәсіпкерлерлер, мецанаттар, жолдастардың көрсеткен көмектерін ерекше айта кетер едім.
–Айтулы оқу-спорт мектебінің тарихы тереңде жатыр. Қаншама Қазақстанның атын әлем, Олимпиада ойындарында атын шығарған дарабоз спортшылар осы мектеп қабырғасынан қанат қағып шықты. Сол спортшылармен жас жеткіншектер кездесу өткізіп тұра ма?
Әрине, міндетті түрде. Мысалы, осы К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің шаңырағында оқып шыққан, Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Олег Быков біздің мектепке Ресейден арнайы келіп, жас ізбасарларымен кездесіп, естелікке түскен суреттері, мектеп қабырғасындағы тарихи фотолар қатарында ерекше орын алып тұр. Сол секілді су добы мен бессайыстан Олимпиада чемпиондары Сергей Котенко мен Александр Парыгин, дзюдо күресінен Олимпиаданың күміс жүлдегерлері Асхат Житкеев, Елдос Сметов, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» атанған Ұлан Рысқұл мен Еламан Ералиевтермен оқушыларымыз тартымды кездесулер өткізген болатын. Сонымен бірге, әрбір спорт түрінен аттары әйгілі жандармен ұйымдастырылып келген кездесулерді де тілге тиек ете кетуге болады. Мысалы, Мәскеу Олимпидасының чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров пен Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбыраймов мектебімізге келгенде, оқушылар өздерінің көкейкесті толғантқан сұрақтарын қойып, кездесулерден зор әсер алды. Сол сияқты осы мектептің түлегі бүгінде ел аузында жүрген апайтөс балуан Елдос Сметовтің келіп, жасөспірмдерге үлкен жеңістерге жету жолындағы өз тәжірбиесімен бөліскен сәттері де балалардың есінде көпке дейін ұмытылмастай әсер қалдырды деуге болады. «Атпаз көрген ат таныр – ұстаз көрген хат таныр», деген сөз бар халықта.
Жалпы, ай сайын аты елге танымал бір спортшымен кездесіп тұру біздің мектептің жоспарында маңызды орын алады. Өйткені, «Ағаға қарап іні өсер», демекші, біз К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі болғандықтан тұлғалы спортшыларды шақырып, олармен тартымды кездесулерді жиі ұйымдастырып отыру жастарға үлкен үлгі-өнеге деп білемін.
–Жарыстардан жеңіспен оралған жас талантты оқушы спортшыларға қандай қолдау құрмет көрсетіліп отырады?
–Біріншіден, жарыстардан жеңіспен оралғандарға арнайы қаржы бөлінбейді. Дегенмен де қошамет-сый ретінде жақсы жеңілдіктер, көмектер қарастырғанбыз. Мысалы, спорт киімдерін береміз. Сонымен қатар, мен алғаш осы мектепке басшылыққа келген кезімде барлық балаларды жинап алып, «Егер кімде-кім Азия, Әлем, Еуропа біріншіліктерінде жеңіске жететін болса, жатақханадан жеке бір бөлме беретін боламыз», деп айтқан едім. Сол сөзімде тұрып, бүгінгі күнге дейін, жеңіспен оралған жеткіншектерге жекелей бөлме тарту етуді дәстүрге айналдырып келеміз. Мұндай көмек жастарымыздың жағдайын түзеп, ертеңгі күнге сеніммен қаруына сәл де болса, себебі тиер жақсылықтың бірі болса деп үміттенеміз. Бір жағынан бұл қадамымыз жас спортшылардың мен де сондай жеке бөлмеде тұрғым келеді деген арманын алға қарай жетелейді деп ойдамын. Ол содан туған игілікті іс.
–Мектеп ауласында зәулім дзюдо ғимараты салынған екен. Ол қаламыз емес-ау республика аймағындағы жаңа заман ағымына сай салынған ірі спорт кешені екені көрініп тұр. Мектепте осындай дзюдо академиясының бой көтеруі, дэюдо күресіне деген құрметтің ерекешелігін білдіре ме?
–Дзюдо олимпадалық жекпе-жек түрі болғандықтан осы күрес түрін көтермесе болмайды деп ойлаймын. Бір жағынан осы спорт мектебінен Олимпаданың жүлдегерлері Асхат Житкеев пен Елдос Сметовтер түлеп ұшты. Қазір міне, қарасаңыздар спорт зал бір босамайды. Бозкілемде жасөспірімдер сабақтан бос уақытта тер төгіп, жаттығуларын жасап жатады. Тоқсан адамдық жатақханасы, асханасы, тренажерлік залы бар мұндай төрт жағы келіскен спорт кешені Қазақстанды айтпағанда Азия аймағандағы алдыңғы қатарда тұр десем артық емес. Осы жерде айтпай кетуге болмас, айтулы зәулім спорт кешенін тұрғызып бізге тарту еткен Кеңес Рақышевқа мектеп ұжымының атынан зор алғысымызды айтамыз. Біз болашақта ел үмітін Олимпида ойындарында абыроймен ақтайтын таланттарды шығаруға бар күші-жігерімізді салуға дайынбыз.
–Өмірде адам бойынан көретін жақсы немесе жаман қасиеттер туралы ойыңызды айтыңызшы?
–Өмірде адал еңбекпен жұмыс жасайтын адам ол ешқашанда өтірік айтпайды. Адам бойындағы ең жақсы қасиеті ол шындықты айту. Ал, жалқаудың жаман әдеті ол әрине, өтірік сөйлеу. Сондықтан да ең жаман касиет ол жалған сөйлеу, өтірік айту.
–Әңгімеңізге көп рахмет! Ел спортының еңсесін көтеруге дайын жас ұрпаққа беріп жатқан еңбектеріңізге табыс тілеймін!
–Бұл мектептің негізгі мақсатының бірі – баланың жеке тұлға болып өсіп, спорттағы жан-жақты шеберлігін танытуға барынша жағдай туғызу. Ендеше, жас ұрпақтың бойына саламатты өмір салтын жөн-жүйесімен жүргізе білген, арманы биік, талабы зор ұжым бүгінде дегендеріне жетіп келеді. «Талапты ерге нұр жауар», демекші, қазіргі күні К.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің дарынды жастары ел чемпионаттарында топ үздігі атанып, ұлттық құрама сапында халықаралық, азиялық жарыстарды еліміздің намысын абыроймен қорғап жүр. Ендеше, жас ұрпақтың рухын оятар дұрыс жол ол тәрбие жұмысында деп білеміз. Бұл бағытта айтулы спорт мектебінің ұжымы табысты еңбек етуде. Мектеп қабырғасына тарыдай болып кіріп, таудай болып шығып жатқан жасөспірімдердің алар асулары алда. Білім мен спортты ұштастырған жас өрендердің ең басты арманы – Олимпиада ойындарында еліміздің көк байрағын биіктен желбірету.
–Әумин! Айтқаныңыз келсін!
Әңгімелескен Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,
АЛМАТЫ
Тамаша
Как ни крути, я покорнейше благодарен спасителю только за то, что он предоставил лично мне возможность смотреть Ваши материалы
Мне каждый раз было ясно, Вы сможете оповестить про многое превосходнейшим методом