• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    III ТМД елдері ойындары: мергендер қоржынға екі медаль салды

    Әзербайжанда басталған ТМД елдерінің III ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасы екі жүлдені жеңіп алып үлгерді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Скит жаттығуында аралас жұптық сында Максим Почивалов пен Лидия Башарова жұбы аса тартысты өткен финалда күміс жүлдегер атанды. Микстен жүлдегерлер: Ресей Қазақстан Әзербайжан Ал трап жаттығуында жекелей сында Наргиза Сарманова қола жүлдеге ие болды. ...

    Read More »

    Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогы кезеңінде екінші орын алды

    Түркістанда триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы ірі турнирде бір медальға ие болды. Ерлер арасында өткен жарыста Дарын Қонысбаев күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Бірінші орынды ресейлік Денис Колобродов жеңіп алса, оның отандасы Роман Минеев үшінші болып мәреге келді. Аян Бейсенбаев төртінші, Егор Крупяков алтыншы, Александр Тен 12-орын, Арлан Жанабай 15-орын, ал Әли Жанат 18-орын алды. ...

    Read More »

    Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатында жүлдегер атанды

    Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен 11-ші Азия чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жарыстың алғашқы күні жүзуден Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды: Күміс медаль: Максим Сказобцов – 100 м баттерфляй, 52.66 Күміс жүлде: София Әбубәкірова – 50 м шалқалай жүзу, 28.90 Қола медаль: Софья Сподаренко – 100 м баттерфляй, 1:01.14 ...

    Read More »

    Бота балуандардың бағын ашар турнир

    Жапондар дзюдосын, кәрістер таеквондосын әлемге қалай танытқаны сияқты  бізде өзіміздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі төл күресімізді төрткіл дүниеге кеңінен насихаттау  жолында бар күш-жігерімізді, қолымыздан келген мүмкіндігімізді аянып қалмауымыз керек. Елімізде қазақ күресінің дамуы жолында өтетін дүбірлі жарыстар көп деп айта алмаспыз. Солардың бірі әрі бірегейі Райымбек Түкеұлы атында жасөпірімдер арасында республикалық дәстүрлі аламан жекпе-жек болып саналады. Батыр бабамыз Райымбек туған ...

    Read More »

    Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы: Қазақстан – қола жүлдегер!

    Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден аралас жұптық сайыста Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина 49.68 ұпаймен қола жүлдегер атанды. Жапон спортшылары 50.33 нәтижесімен топ жарса, күміс медаль бейтарап мемлекет (50.29) өкілдеріне бұйырды. Әлем кубогына жалпы 14 елден 60-тан астам ...

    Read More »

    Дмитрий Патанин – Сомбатхейдегі Challenge cup турнирінің жеңімпазы!

    Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. —Еркін жаттығудың финалында отандасымыз Дмитрий Патанин жеңіске жетті. Оның еншісінде 13.900 ұпай бар. Күміс жүлде 13.600 балл алған Кевин Пенев (Болгария) еншісінде. Үздік үштікті Артём Долгопят (Израиль) 13.200 ұпаймен түйіндеді, — делінген хабарламада. ...

    Read More »

    Данил Васильев FIS кубогында күміс медаль алды

    Германияның Хинтерзартен қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогында ұлттық құраманың спортшысы Данил Васильев 229,6 ұпаймен екінші орын алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Бұл бағдарламада Австрия өкілі Юлиан Шмид жеңімпаз атанса, қола жүлдені словениялық Рок Облак иеленді.    

    Read More »

    Спортшылар коалициясы УЕФА-ға Израильді ұйымнан шығаруды ұсынды

    Франция құрамасының жартылай қорғаушы Поль Погба мен крикетші Муин Алиді есептегенде 48 спортшы Израильді Газа секторындағы палестиналықтарға жасаған қылмысы үшін Еуропа футбол қауымдастығынан шығарып тастауды сұрады. Бұл туралы Aljazeera агенттігі хабарлады. — Әртүрлі сенім-нанымнан, түрлі тектен шыққан кәсіпқой спортшылар ретінде біз спорт әділдік, адалдық және адамгершілік принциптерін сақталуы керек деп санаймыз. Біз, Athletes 4 Peace бейбітшілік құжатына қол қойғандар, УЕФА-ны Израильді ...

    Read More »

    Шахматшы Ксения Балабаева – рапидтен әлем чемпионы!

    Перудің астанасы Лима қаласында өтіп жатқан шахматтан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (рапид бойынша) Ксения Балабаева жеңіске жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 19 жастағы отандасымыз әлем чемпионатының 9-турынан кейін 7 ұпай жинап, ең үздік нәтиже көрсетті. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 15+10 уақыт бақылауымен (әр ойынға 15 минут және әр жүріске 10 ...

    Read More »

    Пара жүзуден ӘЧ: Нұрдәулет Жұмағали күміс медаль алды

    Сингапурде өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында Нұрдәулет Жұмағали брасс әдісімен жүзуде 100 метр қашықтықты 1:06.64 секундта жүзіп өтіп, күміс жүлдені иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ведомствоның хабарлауынша, бірінші орын бейтарап ел атынан қатысқан спортшы Тимофей Гукқа бұйырса, үшін орынды украиндық Федина Алексей иеленді. Бұл – Нұрдаулет Жұмағалидің әлем чемпионатындағы үшінші күміс жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы ...

    Read More »