Таеквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан World Taekwondo Diamond Game 2025 G-4 турнирінде Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама аралас командалық сайыста финалға дейін жетті. Алайда шешуші жекпе-жекте Өзбекстанның B құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты. Ұлттық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, құрама сапында Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқашева мен Аида Тәукенова ел намысын қорғады. Сонымен бірге Қазақстан ...
Read More »Жарыс
«Челси» — клубтар арасындағы әлем чемпионы! (ВИДЕО)
Бүгін Америка Құрама Штаттарында футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Финалда Англияның «Челси» клубы Францияның «Пари Сен-Жермен» командасын жеңіп, екінші рет әлем чемпионы атанды. Матчта ағылшындар клубының ойыншылары қарсыластарының қақпасына қауіпті жағдай жасай бастады. Соның нәтижесінде ойынның 22-минутында Коул Палмер есеп ашса, одан кейін ол 30-минутта тағы да нысананы дәл көздеді. 43-минутта Коул Палмер тағы да көзге түсті. Ол Жоао ...
Read More »Құзға өрмелеуден Әлем кубогы: Ришат Хайбуллин – күміс жүлдегер!
Францияның Шамони қаласында өтіп жатқан құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде ұлттық құрама команданың спортшысы Ришат Хайбуллин күміс медаль иеленді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол әуелі жылдамдық бағдарламасының іріктеуінде 5.03 секунд нәтиже көрсетіп, 8-орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жартылай финалда төбеге 4.83 секундта көтеріліп, жеке рекордын жаңартты (мұнда әлем рекорды 4.64 секунд). Ал финалда Париж Олимпиадасының қола ...
Read More »Тимур Кумашев пен Георгий Чеховский маусымның соңына дейін жұмысынан шеттетілді
ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен «Тұран» — «Қызылжар» матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді. ...
Read More »Алматы облысында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты жалау көтерді
Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының XXXIV жазғы чемпионаты болып жатыр, деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясы. Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық өңірінен үздік атлеттер қатысуда. Жарыстың бірінші күні мына спортшылар чемпион атанды. Спорттық жүріс — 20 000 м, әйелдер Эльмира Калимуллина (Алматы) Айман Ратова (Жетісу облысы) Балға лақтыру, ерлер Алдияр Қайроллаев (ШҚО) Максим Торлопов (ШҚО) Алексей Владимиров ...
Read More »Грек-рим күресінен АЧ: Қазақстан жастар арасында екі алтын жүлде жеңіп алды
9-10 шілде аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан балуандары екі алтын жүлдені жеңіп алды. Одан басқа бір күміс, үш қола медальді иеленді. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын құрмет тұғырының биік сатысына көтерілсе, одан кейін оның жолын 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев қайталады. Ол да жастар арасында Азия чемпионы атанды. 77 келіге дейінгі ...
Read More »Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футзал қауымдастығының президенті
Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 2023-2024 жылдары Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футзал қауымдастығы президентінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл кезеңде ол медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жетекшілік етті. 2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болды. Сонымен қатар, 2025 жылдың мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді. Нұрсұлтан Құрман ...
Read More »Қазақ қызы шахматтан Әлем кубогында сенсация жасады
Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп, сенсация жасады. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады. Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді отандасымыз ертең қара фигурада ойнайды, — делінген хабарламада. Бұл турнир 2021 жылдан ...
Read More »Елімізде әуесқойлар арасында футболдан жаңа чемпионат басталды
Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол саласындағы ең ірі ұлттық жобаны таныстырды. Бүгіннен бастап еліміздің барлық аймағын қамтитын 11х11 форматында «Қазақстан әуесқой лигасы» басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бұл бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған басым бағыттармен үндеседі. Жолдауда бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы ерекше атап өтілген. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған лига енді жыл сайын ...
Read More »Еуропа лигасы: «Ақтөбе» сырт алаңда «Легияға» есе жіберді
«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен ойнап, жеңіліп қалды. Матчты «Ақтөбе» жақсы бастады. Ақтөбенің клубы сапынан Оралхан Өміртаев 9-минутта гол салып еді. Алайда төреші Оралханның ойыннан тыс қалғанын айтып, оны санамады. 25-минутта «Легия» алға шықты. Голдың авторы — Ваган Бичахчян. Осыдан кейін «Ақтөбе» есепті теңестіруге ұмтылса да мақсатына жете алмады. Қорытынды есеп – ...
Read More »