• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жарыс

    ТОП-5: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет бестікке кірді

    Түркияның Анталия қаласында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогында бесінші орынға ие болды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Сергей Квак жаттықтыратын жасөспірімдер құрама командасы бесінші орын үшін ойында Франция құрамасымен кездесті. Топтық бәсекеде отандастарымыз Франция жасағын 2:1 есебімен жеңген болатын. Бұл жолы Дамир Жалғасбай бірінші ойында Фердинан Ливені 6:3, 6:4 есебімен жеңсе, екінші матчта Заңғар Нұрланұлы Муаз ...

    Read More »

    Tallinn Trophy: Софья Самоделкина күміс медаль алды

    Эстонияның астанасы — Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Challenger Series санатына кіретін Tallinn Trophy 2024 халықаралық турнирі болып жатыр, деп хабарлады  Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысы бойынша 173.25 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды. Бельгия өкілі Нина Пинзаррон (192.48 ұпай) турнирдің жеңімпазы атанса, үшінші орын канадалық Сара-Мод Дюпуа (163.58) бұйырды. Турнирге 25 елден ...

    Read More »

    Татами төріндегі тартыс Республика күніне арналды

    Алматы қаласында қарашаның 10-11 күндері киокушинкайдан балалар, жасөспірімдер және қыздар арасында Республика күніне арналған ашық турнир болды. Бұл туралы Алматы қаласы барлық стильдік каратэ федерациясы баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады. Қазақ спорт және туризм академиясының спорт залында жалау көтерген жарысты Алматы қаласы барлық стильдік каратэ федерациясының президенті Талғар Ахмадиев сөз сөйлеп, ашып берді. Жарыстың ашылу салтанаты кезінде қазақстандық бір топ каратэшіге ...

    Read More »

    WTA турнирі: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

    Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Ар-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші рет кортқа шығып, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен (Беларусь) ойнады, деп хабарлады Olympic.kz.  Рыбакина Соболенконы үш сетке созылған ойында 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңді. Бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында болды. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолини мен қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, ...

    Read More »

    FIDE GRAND PRIX SERIES: Бибісара Асаубаева төртінші орында тұр

    Шымкент қаласында шахматтан әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-Придің 2-кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Алтыншы турда Ұлттық құрама көшбасшысы Бибісара Асаубаева Екатерина Лагномен шеберлік байқасып, қарсыласына есе жіберді. Кездесуден кейінгі сұхбатында Бибісара Екатеринаның мүлде басқаша ойнағанын, жоспары басқаша болғанын айтты. Демалысқа дейін екінші орында келе жатқан отандасымыз осы жеңілістен кейін жалпы есепте ...

    Read More »

    QATAR OPEN: Қазақстан қоржыны тағы 8 алтын жүлдемен толықты

    Қатардың астанасы — Дохада таеквондодан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Қазақстан ересектер құрамасы жарыстың соңғы күні атап айтарлық нәтиже көрсетіп, бірнеше медаль жеңіп алды. Мария Севостьянова, Нұрай Бауыржанова, Нұрай Құсайынова, Назым Махмұтова, Тамерлан Тілеулес, Нұрбек Ғазез, Бекарыс Бекенов пен Абдурахман Марипов алтын медальді иеленсе, Азиза Қаражанова, Батырхан Төлеуғали, Әнуап Мұхамедкәрімов мен ...

    Read More »

    Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы атанды

    Еркін күрестен Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Нұрқожа Қайпанов Албанияның бас қаласы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіп алды. Отандасымыз финалда жапон палуаны Йошиносуке Аоягиден басым түсті. Есеп – 5:3. Нұрқожа Қайпанов дәл осы салмақта (70 кг) 5 жыл бұрын еліміздің астанасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді. Осылайша, елімізден екі жыл қатарына еркін күрестен әлем чемпионы шықты. ...

    Read More »

    WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен екі жүлдені жеңіп алды

    Үстел теннисінен Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде екі медальмен көзге түсті, деп хабарлады olympic.kz. Екінші орынды Жанерке Көшкімбаева (U19) мен Жания Бекмұхамбетова (U11) алды. Айта кетелік, бұған дейін Бекмұхамбетова 13 жастағы спортшылар категориясында бірінші орын алған.

    Read More »

    Көкпар мен көкбөрінің тартысы немесе «бір сөздің бір сөзге көлеңкесі де түседі, сәулесі де түседі»

    Көшпелі жұрттың әлем кіндігіне көшін тартып кіріскен көшпенділер дүбірі. Ат дүбірін алыстан естір Азия халықтарының атой салып жатқаны бесінші мәрте. «Бес бар жерде, сес бар» дегендей, сырт көзді тесілтіп, сұлулық сырына ұйыстырған доданың допша домалап жер әлемді кезіп кеткені бар. Париж Олимпиадасының сынынан гөрі, Көшпенділер ойындарының сырлы бояуы қанық болғаны ел ауызында жүр. Жақсының артынан жаман әсте қалған ба? Мұнда ...

    Read More »

    Ержет Жарылқасын әлем чемпионатының финалына шықты

    Ержет Жарлықасын Албания астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының ақтық сынына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Санаулы сəттер бұрын бозкілем шеберіміз 63 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Садық Лалаевты (Бейтарап спортшы) таза жықты. Белдесу бапкерім екеуміз ойластырғандай өтті. Бастысы қарсыласымды төрттағанға жатқызып, әдіс жасау болған. Оған дейін жеткізбей, тез жеңіске жете алдым. Енді ...

    Read More »