• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қоғам

    Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионның жаңа эскизі ұсынылды

    Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды бұзып, оның орнына жаңа жабық типті стадион салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғырту орнына толық демонтаж жасап, жаңа стадион салу жоспарланып отыр. Бұл құрылыс-монтаждау жұмыстарының мерзімін ұзартады. Жабық үлгідегі жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Стадионның жаңа эскизі ...

    Read More »

    ҰОК президенттігіне сайлау: Бүкіл әлем тік тұрып қол соққан Серік емес пе!!!

    … Ал, Ұлттық Олимпиадалық комитетіне нағыз төраға керек болса, неге даңқты Серік ҚОНАҚБАЕВТЫ еске алмадық?! Сонау Совет заманында-ақ бүкіл әлемнің спорт жанкүйерлерін: «Шіркін-ай, мынау кім, кімнің баласы, қай ұлттың ұланы?!» дегізген ғажап ұлдарымыздың бірі емес пе СЕРІК?! Спорт майданында (Қылышынан қан тамған Кеңес кезеңінде!) дүниені дүр сілкіндірген Серік бүгін де тірі! Ел құсап көрінген жерден сығаламай,оңды-солды ұрынбай, өз жұмысын біліп, ...

    Read More »

    Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына Дәулет Тұрлыханов лайық! – Садық Мұстафа

    Белгілі спорт маманы, дзюдо, қазақ күресі, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы,  «Құрмет» және «Парасат» орденінің иегері Садық Мұстафа Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне атақты балуан, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті, Азия күресі федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыхановтың лайық екенін айтып, көпшіліктен әйгілі спортшыға таңдау жасауды өтініп, үндеу жолдады. Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың орнына әуесқой және ...

    Read More »

    АҚШ-тағы парадта атыс болды (ВИДЕО)

    АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында футболдан Super Bowl лигасының жеңімпаз командасының құрметіне өткен шеруде атыс болып, бір адам қаза тапты. 22 адам жарақат алды, деп хабарлады CNN. Атыс Юнион Стэйшн вокзалының жанында болды. Бір адамның қаза тапқаны расталды. Оқтан зардап шеккендердің жалпы саны 22-ге жетті, — деп айтты қалалық полиция басшысы Стейси Грейвс. Gun Violence Archive ұйымның мәліметіне сілтеме жасаған телеарнаның хабарлауынша, ...

    Read More »

    «Жоқ нәрсені бар деу қателік»: Тамара Дүйсенова облыстағы спортты сынады

    Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Туризм және спорт министрлігінде өткен дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісінде спорт саласын одан әрі дамытуға қатысты бірнеше тапсырма берді. Үкімет басшысының ооынбасары дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуда халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеретін талаптарын ескере отырып, ...

    Read More »

    Маңғыстау облысының әкімі қалың ұйқыдағы өңір спортын оята ала ма?

    Маңғыстау облысында 31 мемлекеттік спорт мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 6 спорт клубы, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиадалық дайындық орталығы және 1 ұлттық спорт орталығы бар. Облыста 813 жаттықтырушы жұмыс істеп жатыр. Олардың тек 49%-ның жаттықтырушылық санаты бар. Былтыр VI мәрте өткен Қазақстан Спартикадасында 3 қала және 17 облыстан үміткерлер қатысқан жарыста ...

    Read More »

    Парламентте легионерлер туралы заң қабылдануы керек

    Еліміз тәуелсіздік алғалы отыз екі жыл болса да, әлі күнге дейін шетелдерден легионерлерді шақыруды қояр емес. Қазақ балаларын дайындамай, Ресей мен Африкадан спортшы шақыра беруге ұялмаймыз ба? Отандық спорт саласында 180 федерация бар. Соңғы өткен жазғы Олимпиадада неге алтын жүлде ала алмай қалдық? Федерация көп, бірақ нәтиже жоқ. Көрші Өзбекстан мен Қырғызстан спорты бізден озып кетті. Оларға жету үшін қазақ ...

    Read More »

    KISSFF 2023 кинофестивалінде Ерғали Шамей туралы фильм жеңімпаз атанды

     Парадзюдодан әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Ерғали Шамей туралы көркем фильм халықаралық кинофестивальде жеңімпаз атанды. Бұл кинофестиваль Африканың Кения елінде болды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен спорт туралы фильмдерін ұсынған елдер жиналды. Осы өнер додасында елімізде парадзюдошының өмірі жайлы тұңғыш рет түсірілген «Үміт сәулесі» фильмі бас жүлдені жеңіп алды. Біздің фильміміздің басты кейіпкері — Ерғали Шамей. Моңғолияда ...

    Read More »

    Ұлттық баспасөз күнін қалай атап өтеміз?

    Ертең, 2 ақпанда елімізде алғаш рет Ұлттық баспасөз күні аталып өтіледі. Ұлттық баспасөз күні туралы ұсынысты белгілі журналист, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының және «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Төлен Тілеубай 2009 жылдан бері айтып келді. Ол 15 жыл бойы баспасөзде, әлеуметтік желілерде Ұлттық баспасөз күні туралы идеяны қоғамның есіне салып отырды. Газетке мақала, әлеуметтік желіге пост ...

    Read More »

    Дағыстанда белгілі аралас жекпе-жек шеберін атып кетті (ВИДЕО)

    Ресейдің Дағыстан Республикасында белгілі аралас жекпе-жек шебері Магомед Мутаев қаза тапты. Оны белгісіз адам Махачкала қаласының орталығында атып кетті. Қылмыскер іздестіріліп жатыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, 18 жастағы Надырхан К. есімді адам болуы мүмкін. Ол Мутаевтан кек алу үшін өлтірген деген дерек бар. Магомед Мутаев 20 жаста болған. Спортшы Забиб Нурмағомедовтың әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың қарамағында жаттығып, Fight Nights промоушенде жекпе-жекке ...

    Read More »