Футболдан «Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Луиш Нани «Харекет» қоғамдық қайырымдылық қорының әлеуеметтік жобасының аясында қайырымдылық акциясына қатысып, көпбалалы отбасыға жаңа пәтер сыйлады. Ол пәтердің кілтін Орталық стадионда табыс етті. Бұған дейін португалиялық футболшы жалдамалы пәтерде тұрып келген ата-анамен және олардың алты баласымен кездескен еді. Сол кездесуде белгілі болғандай, отағасы отбасын асырау үшін демалыссыз еңбек етсе, анасы денсаулығына байланысты ауыр жұмыс істей алмаған. Стадионда ...
Read More »Құрмет
Салауатты өмірдің жаршысы
(Қазақ спорт журналистикасының құлагері Әлім Анапьянов жетпіс жаста) Жақсы адам жарық шам секілді, айналасына жарық беріп тұратын. Жақсы адамдармен кездескенде басыңдағы бар мәселеңді кейін ысырып қойып, жақсының айтқан ғибрат сөздерінен ұйып тыңдап, жаңыңа шипа алғандай боласың. Сонымен қатар өмірге деген құлшынысың артып, бойыңа шабыт пайда болады. Міне, сондай жанның бірі Әлім Ілиясұлы Анапьянов. Әлім ағамыз ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, ...
Read More »Асығымыз әлемдік рекордтар кітабына кірді
Бүгін Ақтөбе қаласындағы №61 орта мектепте тарихи жағдай болды. Ақтөбе қаласының тұрғыны, сиырдың 3 мыңнан астам асығын жинап қазақстандық рекордтар кітабына (КИнЭС) енген Ерболат Қуанышовтың асық санын 5 мыңға жеткізіп GBR (GLOBAL BEST of RECORDS) әлемдік рекордтар кітабына енуіне арналған іс-шара өтті, деп хабарлады Ақтөбе облыстық Асық ату федерациясының баспасөз қызметі. Тек Ақтөбенің емес барша Қазақ елінің абыройын асырған іс-шараға ...
Read More »Алаштың Ақберені 80 жаста
Қазақстан спортын бір алтын шаңыраққа теңесек, сол алтын шаңыраққа уығын қадаған қаншама ардагер абыз ағалардың есімдерін кездестіреміз. Есімдері елге аян, апайтөс дарабоз жандардың арасынан Амантай Қарақұлын да көруге болады. Амантай ағамыз ел спортының қарқындап дамыған сонау 1968 – 1975 жылдары ұлы дүбірден шет қалмай барынша үлес қосқан адамдардың бірі. Самбо күресінен де жеткен жетістіктері бір түйеге жүк артқандай, Дегенмен ағамыз спорт саласындағы ...
Read More »Су добының саңлағы немесе спорттың осы түріндегі өзекті мәселе
Су добынан Кеңестер Одағының құрамасында ойнаған талантты тұлға, Қазақстанда спорттың осы түрінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер Асқар Оразалинов — қазақ спорты тарихында су добынан ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, сонар биікке шыға білген спортшылар саусақпен санарлық солардың бірі де бірегейі. Ол су добынан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы. Асқардың су добы спортында жеткен жетістіктері бір түйеге ...
Read More »«Үздік – 2025» сыйлығының лауреаттары анықталды
Туризм және спорт министрлігі биылғы жылдың қорытындысы бойынша спорт саласындағы үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, мамандарды, спорт ұйымдары мен сала өкілдерін марапаттау мақсатында «Үздік – 2025» республикалық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлады аталған ведомство. Конкурстық комиссия шешімімен «Жылдың үздік спортшысы» аталымы бойынша әйелдер боксынан екі дүркін әлем чемпионы және Әлем кубогының күміс жүлдегері Алуа Балқыбекова, грек-рим күресінен биылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген ...
Read More »Биыл еліміз жаңа спорт түрлерінен жүлде алды
Биыл ел спорты үшін шын мәнінде тарихи жыл болды. Отандық спортшылар халықаралық аренада ондаған маңызды жетістікке қол жеткізіп, жарқын жеңістерімен, рекордтарымен жанкүйерлерді қуантты. Сонымен қатар ұлттық құрамада жаңа көшбасшылар пайда болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Қазақ спортының тарихына енгендер: * Әбиба Әбужақынова (дзюдо), * Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Санжар Тәшкенбай, Айбек Оралбай (бокс), * Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау), ...
Read More »Білімді мыңды жығады
Жуырда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген кентінде орналасқан №13 Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің қабырғасында тартымды, тағылымы зор кездесу болды. Кештің құрметті қонағы Қазақстанның Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, журналист, жазушы, Желтоқсан қанды көтерілісінің қаhарманы Ақын Ордабайұлы еді. Осындай келелі кездесуге ұйытқы болған айтулы мектептің директоры Аяулым Жақашбайқызы Керімқұлова кездесу кешінің жақсы өтуіне бар жағдайды туғызыпты. Мектептің ішіндегі акт ...
Read More »Дастан Сәтпаев әлемдік ТОП-5 тізіміне қосылды
Score 90 футболшы Дастан Сәтпаевті өз рейтингіне қосты. Әуелі Score 90 деген не екенін айта кетсек. Ол футболға арналған әлемдегі ең ірі платформалардың бірі. Басылым үздік жас футболшылардың тізімін жасап, оларды жас ерекшеліктеріне қарай бөлді. Рейтингте 2005-2008 жылдары туған үздік футболшылар кірді. 2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасында ТОП-5 тізімі: Леннарт Карль (Германия, «Бавария»); Ибраим Мбайе (Сенегал, «ПСЖ»); Нгумоа Рио ...
Read More »Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады. Бұл шешімді даңқты спортшының әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесінің, кәсібилігі мен мінсіз абырой-беделінің мойындалғаны деп бағалады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. – Сіз әлемдік спорттың дамуына зор үлес қостыңыз. Қазақ бокс мектебінің бай дәстүрін лайықты деңгейде танытып, дүние жүзінің елімізді бокс державасы ретінде мойындауына ықпал еттіңіз. Өмір жолыңыз көптеген ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары