• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Астанада бильярдтан Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді

    Ертең, 4 наурыз күні Астанада AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінің ұйымдастыруымен зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді. Жолдасбек Дуанабайдың есімі қалың оқырманға белгілі. Ол қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері болған. Турнирге 50-ден аса адам қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы ...

    Read More »

    Кеңес Рақышев жас боксшыларға қомақты сыйақы табыс етті

    Бүгін Алматы қаласында Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев боксшыларға қомақты сыйақы табыс етті.   Ол былтыр Испанияның Аликанте қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған боксшылар мен жүлдегерлерге қошемет көрсетті. Кездесуде жүлдегерлердің жеке жаттыұ тырушылары да назардан тыс қалмады. Боксшылар имен олардың жаттықтырушылары 20 миллион теңге алды. Біздің жастар құрамасы Испанияда жақсы нәтиже көрсетті. Медальдардың саны бойынша үшінші орын ...

    Read More »

    Ержұман Смайыл – 75: ҚазҰУ-да қаламгердің атындағы аудитория ашылды

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде «Егемен Қазақстан» газетінің кәтепті қара нары болып, газет шығару ісінің ыстығына күйіп, суығына тоңған, баспасөздегі орны ерек тұлға, Президент сыйлығының тұңғыш лауреаты Ержұман Смайыл атындағы дәрісхана ашылды. Заманауи аудиторияның ашылуына арнайы жолдаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлiнің хатын министрлік өкілі Нұрбек Әмиша оқып берді. Еңбек жолында «Лениншіл жас» газетінде Сейдахмет Бердіқұловтің ...

    Read More »

    Дзюдо федерациясы үздік балуандар мен бапкерлерге 20 млн теңге табыс етті

    Қазақстан дзюдо федерациясы үздік балуандар мен жаттықтырушыларға 20 млн теңге табыс етті.  Кездесуде әлем чемпионатының жүлдегерлері 4 млн теңгеден, Азия чемпионы 2 млн теңгеден, құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегері 700 мың теңге сыйақы алды. Ал қола жүлдегерлер жарты миллион теңгеден және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері 400 мың теңгеден иеленді. Ақшалай сертификаттар Қазақстан құрамасының жаңа маусым қарсаңында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиынында табыс ...

    Read More »

    Жауынгер жанрдың сардары

    Ғалым Қожабек – менің ауылдасым. Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылында бір мектепте оқыдық. Жалманқұлақ көлінің суын іштік, сол көлдің балығын жеп өстік, сол көлдің ауыл жақ бетіндегі Тақырсуатқа ала жаздай армансыз шомылдық. Бала кезімізде ауылдың шаңын аспанға шығарып, қара терге малшынып доп қуатынбыз. Қыста буымыз бұрқырап жүріп, хоккей ойнаушы едік. Ал басқа кезде сонау жер түбіндегі Алатаудың баурайын ала доп ...

    Read More »

    Мароккодағы стадионға 24 жастағы футболшының аты берілді

    Марокко елінің Әл-Каср әл-Кабир қаласындағы муниципалды стадион бұдан былай Ашраф Хакимидің атымен аталатын болды. Спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс 24 жастағы Ашраф Хакими – Марокко ұлттық құрамасының мүшесі, Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының жартылай қорғаушысы. Бұл жаңалық жайлы футболшының өзі Facebook-тегі парақшасына жазды. Ол жергілікті биліктің ұйымдастыруымен мыңдаған адам қатысқан рәсімге қатысқанын, жұртшылық оны ән салып, би билеп қарсы алғанын айтты. Ашраф ...

    Read More »

    Месси чемпиондардың чемпионы атанды

    Аргентина құрамасы мен Францияның «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси L’Équipe басылымы өткізген сауалнаманың қорытындысы бойынша 2022 жылдағы чемпиондардың чемпионы атағына лайық деп танылды.   L’Équipe редакциясы журналистерінің айтуынша, бұл сыйлық жылдың ең үздік спортшысына беріледі. Рейтинг 4 желтоқсан күні аяқталған дауыс берудің нәтижесі бойынша жасалған. Дауыс беру қорытындысы бойынша Лионель Месси 808 ұпай жинады. Франция құрамасы мен «ПСЖ-ның» шабуылшысы Килиан ...

    Read More »

    Өмірден кім өткенін білесіз бе?

    29 желтоқсан. Бразилия. Сан-Паулу қаласы. Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы, Бразилия құрама командасының бұрынғы даңқты шабуылшысы Пеле ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды. Адамзаттың теңдессіз футболшысы Пеле он жылға жуық уақыттан бері тоқ ішектің обыр ауруымен ауырды. Бірнеше рет отаға да түсті. Ол биылғы қазан айының 23-і күні 82 жасқа толып еді. Пеле (шын аты-жөні – Эдсон Арантес ду Насименту) 1940 ...

    Read More »

    Аргентина халқы Мессидің ел президенті болғанын қалайды

    Аргентиналық атақты футболшы Лионель Месси өзін кезекті сайлау кезінде президент орынтағына ұсынар болса, оны ел тұрғындарының 43,7 пайызы қолдар еді. Бұл туралы MSN хабарлады. Бұдан бірер күн бұрын Giacobbe & Asociados ұйымы жүргізген әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы осындай нәтиже көрсеткен. Сонымен бірге француздың «Пари Сен-Жермен» клубының форвардын Аргентина президенті ретінде қабылдай алмайтын отандастарының саны 37,8 пайыз болған. Тағы 17,5 пайыздық қауым ...

    Read More »

    Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлеріне пәтер кілттері табыс етілді

    Жамбыл облысында үздік спортшылар марапатталды. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Жыл үздігі – 2022» спорттық номинацияларды тапсыру салтанатына өңір әкімі Нұржан Нұржігітов қатысқан. Өзінің құттықтау сөзінде ол өңірдегі жетістіктерге, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. «Қасиетті Әулиеата өңірінің жақсы спорттық дәстүрі мен жеңісті жолдары ежелден қалыптасқан. Сол дәстүрді жоғалтпау, сол абырой биігінен түспеу біздің алға қойған міндетіміз екенін естен шығармау керек. ...

    Read More »