• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрмет

    Қазақстанның ең үлкен туы көтерілді

    Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Қазақ МЗУ студенттерінің қатысуымен еліміздің ең үлкен туы желбіреді. Жібектен тоқылған тудың ауданы 80 шаршы метр, салмағы шамамен 60 кг болды. Шараға бес мыңнан астам адам қатысты. Шарада Қазақ МЗУ университетінің жоғары оқу орындары үздік команда атағы үшін интеллектуалдық, әлеуметтік және шығармашылық күресте бақ сынады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Алматыда футбол ардагерлері доп тепті

    Кезінде батыр атамыз Бауыржан Момышұлы: «Менің бойымда қайрат күшім тасып тұрғанда кәрілердің тізіміне қоспаңдар», деген екен. Ойлап қарасақ, батыр атамыздың бұл бір айтқан қанатты сөзіне алып қосар ешнәрсе табыла қоймас. Десек те аз-кем өз ойымды қос кетсем деп отырмын. Расымен де адамның жасы 45-50 асқан соң біз өзімізді қарт санап кәріліктің ноқтасын уақытынан бұрын басымызға салатынымыз осы неліктен?. Өмірдің өзі ...

    Read More »

    Ауыл жаттықтырушысынан Алашқа танылған ұстаз

    Әр салада кәсіби маман болу үшін білімді, білгір қамқоршы ұстазың болу керек. «Ұстазсыз шәкірт тұл», демекші ұстазы мықтының ұстамы мықты болады. Мен мектепте оқып жүргенде бізге сабақты көбінесе соғыс ардегерлері берді. Ұлы Отан үшін от кешкен майдангерлерден алған тәлім-тәрбиеміз өмірімізге үлкен бағдаршам болды. Майдангер ұстаздар бізді отансүйгіштікке, адалдыққа, елжандылыққа үйретуде көп еңбек сіңірді. Ал, сол ардагер ұстаздардың арасында жас та ...

    Read More »

    Павлодарда Олимпиаданың жүлдегеріне пәтер берілді

    Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың жүлдегері, еркін күрес балуаны Дәулет Шабанбайға пәтер кілтін табыс етті. Дәулет Шабанбай – Азия чемпионатының төрт дүркін (2008, 2009, 2011, 2014) қола жүлдегері, Азия ойындарының күміс медалисі. Биыл ол қыркүйек айында допингке қарсы тексерістер болып, Грузия мен Өзбекстан спортшыларының нәтижелері есепке алынбағанынан кейін Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ал қазір ол ...

    Read More »

    Жүгіруді өмірінің серігі еткен спорт шебері

    Біздің елдегі спорт тарихының беттерін парақтай отырып, көптеген ұмытылып бара жатқан есімдерді кездестіріп жатамыз. Кеңес Одағы кезінде Қазақстан спортын әлемге танытқан жарық жұлдыздардың кейбірі мәңгілік мекенге сапар шексе, кейбірі жастарға батасын беріп ортамызда жүр. Иә, ол өмірдің бір заңдылығы да болар. Мүмкін, өткен уақыт өз тарихын қойынына басып ала кете ме кім білсін, дегенмен де ел спортына ізін қалдырған жандармен ...

    Read More »

    Атыраулықтар қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш жүлдегерге пәтер сыйлады

    Атырауда дзюдошы Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетілді. Атырау қаласында бір топ спорт жанашырлары мен спортшылар және жаттықтырушылар бас қосып, дзюдо күресінен қазақ қыздарынан шыққан әлем чемпионатының тұңғыш қола жүлдегері Әбиба Әбужақынова мен оның жаттықтырушысы Мейіржан Есмағамбетовке құрмет көрсетті. Әбиба Әбужақыноваға 48 келіде Ташкентте өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алып,  ел мерейін асырған болатын. Арада 15 ...

    Read More »

    Әке көрген оқ жонар

    Осы бір сөздің астында үлкен мән жатыр. Әкенің ақылы, қамқоры, мейірімі, қолдауы жетіспесе баланың толыққанды азамат болып өсуі қиындау. Иә, кейбір әкелер балаларына тіпті уақыт бөліп қарамақ тұрмақ құшағына алып әкелік парызын өтеуден жырақ жүреді. Содан барып әке мейірімін көрмеген бала өз ортасында өзгеден саяқ, жабырқау, суықтау болып өсері анық. Ал, кейбір әкелердің баласының жанында айналып, толғанып шапқылап жүргенін көргенді ...

    Read More »

    Кенен ауылында өткен келісті турнир

    «Ауылылым алтын бесігім», демекші, ауылылға барып, туған-туыс, ел-жұртпен қауышып қайтқанда алған әсерді ауылда туып-өскен жан ғана білетін шығар. Кеше Алла сәтін салып туып-өскен Кенен ауылына жол түсіп барып қайтқан едім. Қасиетті қара шаңырағыма бас сұғып, әкем мен анам тұрған киелі үйдің әрбір затын сипалап бақилық сапарға кеткен ата-анамды сағына еске алдым. Сосын бесін намазымды оқып, кіндік қаным тамған қара шаңырағымның ...

    Read More »

    Райымбек батырдың атындағы жарысқа — 20 жыл

    Қазақ тарихының сахнасында кең байтақ жерімізді жаудан азат етуде көзсіз ерлігімен аттары қалған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Сұраншы, Саурық, төлек Жәуке батыр секілді аттары жер жарар көптеген алыптардың қатарында Райымбек Түкеұлының да шоқтығы биік тұрғанын білеміз. Райымбек есімі бүтін бір аймақтың ұраны болды. Ата- тегі Үйсіннің Албан руынан, оның ішінде Алжаннан тараған. Туған әкесі Түке болса, үлкен атасы атақты Хангелді батыр. ...

    Read More »

    «Біздің мақсатымыз айқын!» акциясы: жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

    Өткен сенбіде Алматы облысы Талғар ауданында спортының дамуына үлес қосып жүрген үздіктерді марапаттауға арналған «Біздің мақсатымыз айқын» атты спорттық – патриоттық бағытта атқарылған жұмыстың қорытынды кеші өтті. Кеш Тұздыбастау ауылының Мәдениет үйінде болды.  Оған Алматы облысы әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Талғар ауданының әкімдігі, аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы, республикалық «Спорт жұлдыздары» журналы, «Аash_pridefc» промоушені, республикалық «Ер – ...

    Read More »