• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ілияс ОМАРОВ, Маржан ӘБІШЕВА

    Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауы болады

    Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті 2023 жылдың 1 желтоқсанынан 20 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында қарымды қаламгер, қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталғанын хабарлады.

    Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:

    1) «Үздік спортттық телевизиялық репортаж»;

    2) «Үздік спорттық жарияланым»;

    3) «Үздік спорттық фоторепортаж».

    Конкурсқа қатысу үшін байқауға қатысушы уәкілетті органға мына құжаттарды:

    1) бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін еркін нысандағы өтінішті (өтініш тек бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін ұсынылады);

    2) конкурсқа қатысушының шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасын;

    3) спортшыға немесе спорттық оқиғаға арналған, эфирге шыққан және/немесе баспа немесе электронды БАҚ-та 2023 жыл ішінде жарық көрген жұмысты (бейнематериал, аудиоматериал, жарияланым (қағаз не электрондық данасы), фотожұмыс (фоторепортаж) ұсынады.

    Жұмыс қағаз немесе электрондық поштаға (жарияланым сілтемесімен) ұсынылады.

    Байқауға қатысушыларға қойылатын басты талаптар:

    – Үміткерлер Әлем және Азия чемпионаттарына, Әлем кубоктарына, халықаралық жарыстарға және Қазақстан біріншіліктеріне арналған жарияланымдар (очерктер, мақалалар, талдау, телетрансляциялар, телекөпірлер және т.б.).

    – Қазақстандық БАҚ-та бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер арасындағы спортты, мүгедектер арасындағы және ұлттық спорт түрлерінен спорт ойындарын (спартакиадалар, турнирлер, ұлттық спорт түрлері фестивалі, ауыл спорты) т.б. насихаттау сынды тақырыптарды қамтуы тиіс.

    – Сондай-ақ, елімізде дене шынықтыру және спорт саласының проблемаларын көтеру және оның шешу жолдарын көрсету, лицензиялық жарыстарды насихаттау (теле және радио түсірілімдер мен бағдарламалар, интернет, газет және журналдағы мақалалар мен очерктер) құпталады.

    Байқауға 2023 жылы шыққан авторлық жұмыстар (кітаптар, спорттық энциклопедиялар, т.б.) да қатыса алады.

    Өтініштер мен мақалалар Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, 6 қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне немес sportpress86@mail.ru электрондық поштасы арқылы («2023 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деген белгімен) қабылданады.

    Қабылдау мерзімі — 2023 жылдын 20 желтоқсанына дейін. Байқаудың жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлыққа ие болады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *