• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада боксшылар «мерекелік кешке» дайындалып жатыр

    15 желтоқсанда Астанада алғаш рет Халықаралық бокс федерациясының ұйымдастыруымен «Чемпиондар түні IBА» — «Astana Arlans» турнирі болады, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

    Кеште Қазақстан және шетелдің боксшылары жекпе-жекке шығады. 8 жекпе-жек 6 раундтан болады. Әр раундта былғары қолғап иелері 3 минуттан бокстасады.

    Кештің басты жекпе-жегінде 71 келі салмақта Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиаданың чемпионы, 2013 жылғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, КО 6) Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Джабулани Макхенсемен (14-2, КО 7) қолғап түйістіреді.

    Елеусінов бұған дейін 2015 жылы шаршы рингке шыққан еді. Ал Макхенсе алғаш рет сырт жерде айқас өткізеді. Ал басты жекпе-жектің алдында 80 келіде 2019 жылғы әлем чемпионы және Токио Олимпиадаcының қатысқан боксшымыз  Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 KO) әлі жеңіліп көрмеген Ресей спортшысы Никита Зонмен (7-0-1, КО 5) бокстасады.

    67 кг салмақта 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов 2019 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері, WBA тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта 10-орында тұрған Харитон Агрбамен (12-0, КО 8) шаршы алаңда кездеседі.

    22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионатының финалисі Ерасыл Жақпеков 80 келіде жастар арасында Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (19-22 жас), Нидерланд боксшысы Градусом Клауспен айқасады.

    Биылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіде мексикалық Хосе Мигель Боррегомен (20-4, КО 17) жекпе-жекке шығады.

    2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов 63,5 келіде Сербия намысын қорғайтын Ресей боксшысы Павл Фёдоровпен (3-0, КО 1) айқасады.

    2023 жылғы әлем чемпионы және 2021 жылғы әлем чемпионатының финалисі Махмұд Сабырхан 57 келіде кубалық Освальдо Диаспен рингте кездеседі.

    Турнир ең жеңіл салмақта әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай 51 келіде екі дүркін Азия чемпионы, Өзбекстан спортшысы Нодиржон Мирзаахмедовтың арасындағы жекпе-жегімен басталады.

    Елімізде бокс кешін — Qazsport, ал Ресейде — «Матч ТВ» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

    Салмақ өлшеу рәсімі және face-to-face 14 желтоқсанда  кешкі сағат 18:00-де «Хан-Шатыр» сауда кешенінде өтеді.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *