Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында нысына көздеуден Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Жарыстың алғашқы күні іріктеу нәтижесінде (10 метр, тапанша) Қазақстан-2 құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова сайыс кезінде 578 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Енді бүгін олар Түркия құрамасының мергендері Симал Йылмаз бен Исмаил Келеспен алтын жүлдені ...
Read More »Басты тақырып
Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан қола жүлдегер атанды
Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы — Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады olympic.kz. Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Құраманың спортшылары бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Қазақстан командасы 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпайға ...
Read More »Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы финалға шықты (ВИДЕО)
Өзбекстанның Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы екі жаттығуда финалға шықты, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр. Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Елжаңа Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады. Дәл осы жарыста Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді. ...
Read More »Спортшылардың Олимпиададағы ас мәзірі белгілі болды
Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Олимпиялық ауылда спортшылардың ас мәзірі туралы мәлімет берді. Комитет 26 шілде мен 11 тамыз аралығында спортшылар мен шенеуніктерге 500 тағам түрі ұсынылатынын хабарлады. 12 шілдеде Олимпиялық ауылдағы 3 500 орынға арналған асхана тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Мәзірге француз, Азия, Африка-Кариб теңізі мен әлемдік делінген тағамдар беріледі. Күн сайын спортшыларға 40-тан 120-ға дейін танымал әлемдік тағамдар ұсынылады. ...
Read More »Көркем гимнасшылар Олимпиада жолдамасын сарапқа салады
Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады olympic.kz Оған Қазақстан құрамасынан жалпы есебі 8 спортшы қатысады. Жекелей сында Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді. Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко мен София Ан сынға түседі. Осы Азия чемпионатында жекелей сын мен топтық жаттығудан Олимпиадаға бір-бір квота ойнатылады. Лицензия ...
Read More »Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
Қазақстан дзюдо федерациясы Астанада 10-12 мамыр аралығында өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды. Ерлер құрамасында Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйікенов (-60 кг), Есет Қуанов, Ғұсман Кырғызбаев, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали (-66 кг), Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, ...
Read More »Министрлікке қысқы спорт түрлерінен командалар есеп беріп жатыр
Астана қаласында қысқы спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушыларының 2023-2024 жылғы қысқы маусымды қорытындылап, алдағы маусымға дайындықты пысықтауға арналған есеп беру кездесулері болып жатыр, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық шаңғышылар қауымдастығы өкілдері мен мемлекеттік жаттықтырушылар Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Азамат Имашев пен Спортты дамыту дирекциясының өкілдеріне есеп берді. Атап ...
Read More »WTA 1000 турнирі: Рыбакина Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты (ВИДЕО)
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғаш рет Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Рыбакина ширек финалда отандасы, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцевамен ойнады. Осыған дейін өзара екі кездесуде Путинцева Рыбакинаны екі рет жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Юлия Путинцева қарсыласын 6:4 есебімен жеңгенімен, екінші және үшінші партияда Рыбакина отандасымызды 7:6 (7:4), 7:5 есебімен басым түсті. ...
Read More »Ұлттық құраманың ұзақ үзіліс жасағанына өкінемін – Магомед Адиев
Астанада Қазақстан футбол федерациясы президенті Әділет Барменқұлов пен футболдан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиевтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Федерация басшысы отандастарымыздың футболға деген қызығушылығының артып келе жатқанан айтты. Әділет Барменқұловтың айтуынша, қазір елімізде футболмен 1 250 000 бала шұғылданады. Ал оларды жаттықтыру үшін 2 400 жаттықтырушы дайындық курсынан өтті. Бұған қоса, 55 Еуропа елі үміткер болған УЕФA-ның бұқаралық футбол бойынша ...
Read More »ҚФФ УЕФА-ның футболға баулу жобасында үздік деп танылды
УЕФА-ның Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде 2023/2024 жылғы UEFA Grassroots Awards бұқаралық футбол бойынша марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Рәсімде былтыр Қазақстан футбол федерациясының өткізген «Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі» УЕФА-ның 2023/2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша футболға баулу жобасында үздік деп танылды. ҚФФ ұйымдастырған «Балалар үйі тәрбиеленушілері арасындағы футбол фестивалі» 2023 жылы бірнеше айға созылған болатын. Жоба ...
Read More »