Мажарстанның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial турнирі болды. Осы турнирде қазақстан құрамасының балуандары 7 медальді жеңіп алды. Еркін күрестен 61 кг салмақта Асылжан Есенгелді қола жүлдеге ие болды. Грек-рим күресінен Марлан Мұқашев (55 кг) күміс медаль алса, Ержет Жарлықасын (63 кг) мен Әлімхан Сыздықов (130 кг) қола медальға ие болды. Әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 ...
Read More »Басты тақырып
Бейбіт Жұқаев алғаш рет Вашингтон АТР 500 турниріне жолдама алды
Әлемнің 216-ракеткасы, 24 жастағы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен ATP 500 турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 324-ракеткасы, 30 жастағы итальян теннисшісі Андреа Вавассоримен ойнады. Бірінші партияда Бейбіт Жұқаев 4:2 есебімен алға шыққанымен, италиялық теннисші таразы басын теңестірді. Сөйтіп, есеп 4:4 болды. Дегенмен Жұқаев тағы бір брейк жасады. Есеп – ...
Read More »Бублик алғаш рет топырақ төсенішіндегі турнирді жеңіп алды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында ATP 250 турнирінде үздік шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол осыған дейін ATP турнирлерінде 12 рет финалға шығып, соның бесеуінде жеңімпаз атанған. Сондай-ақ бұл — Бубликтің топырақ төсенішіндегі жарыстағы алғашқы финалы. Отандасымызбен финалда дүниежүзілік рейтингіде 109-орында тұрған Хуан-Мануэль Серундоло ойнады. Финалдық матчты қарсыластар брейк алмасумен бастады. Бублик партияны 6:4 есебімен ...
Read More »Су спортынан ӘЧ: Қазақстан командалық сайыста ондықтан орын алды
Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қыздары командалық еркін жаттығуда 277.8196 ұпайға ие болып, жетінші орынға шықты. Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова мен Валерия Столбунова өнер көрсетті. Бірінші орынды Қытай құрамасы 348.4779 ұпаймен жеңіп алды. Жапония спортшылары 334.7232 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, ...
Read More »Су спортынан ӘЧ: Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды
Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында командалық еркін жаттығуда Қазақстан құрамасының қыздары сегізінші орынды иеленді. Команда сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Айгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова өз өнерлерін көрсетті. Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша мына елдер финалға шықты: Іріктеу кезеңі. 20 команда 1-орын. Қытай — ...
Read More »Универсиада: Қазақ қызы алғашқы жүлдені жеңіп алды
Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл медальді көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы таспа жаттығуда қалтасына басты. Ол үздік үштіктен орын алды. Бас жүлдені 18 дүркін Азия чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан) жеңіп алса, күміс медальді бейтарап спортшы, әлем чемпионы Алина Харнаско иеленді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Әйелдер күресі: Жәмила Бақбергенова мен Нилуфар Райымова жүлде алды
Осы күндері Мажарстанның астанасы — Будапешт қаласында күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі болып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Бүгінгі жарыс күнін балуан қыздарымыз 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмила Бақбергенова (72 кг) финалда Үндістан өкілі Харшита Харшитаға жол берді. Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 кг) қола ...
Read More »13 сағатта 20 шақырым: Параспортшы Балқаш көлін жүзіп өтті
27 жастағы параспортшы Ақназар Мүтәліпов 8 шілдеде Балқаш көлін бір жағалауынан екінші жағалауына дейін 13 сағатта 20 шақырымды жүзіп өтті. Бұл хабарды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ол бір қолы мен бір аяғы болмаса да адамның намысқа тырысса қиын жағдайдың бәрін жеңе алатынын дәлелдегесі келген. Мен жүзу арқылы ең алдымен өзіме, одан кейін бүкіл жер-жүзіне адамның бір қол, бір ...
Read More »Су спортынан ӘЧ: Карина Магрупова финалға шықты
Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Магрупова финалға шықты. Ол техникалық жаттығуда 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға ие болды. Бұл нәтиже финалға қатысуға мүмкіндік берді. Осы жарыста әлемнің 35 елінен келген спортшылар жүлдеге таласып, 12 адам ғана финалға жолдама алды. Финал 19 шілдеде болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Еуропа лигасы: «Ақтөбе» екінші сатыға шыға алмады
«Ақтөбе» футбол клубы UEFA Еуропа лигасының бірінші іріктеу турнирінде Польшаның «Легия» (Варшава) командасымен екінші матчын ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Осы және бірінші ойынның нәтижесінен кейін Ақтөбе қаласының командасы Еуропа лигасымен қоштасып, Конференция лигасына түсіп қалды. Бірінші ойында да отандастарымыз қарсыластарынан 0:1 есебімен жеңілген болатын. Екінші матч 0:0 болып аяқталар еді. Ойынның негізгі уақытына бір минут қосылғанда 91-минутта польшалық клубтан ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары