Бүгін сағат 12:30-да Астана қаласының тұрғындары футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасын Н.Назарбаев халықаралық әуежайынан күтіп алды. Салтанатты қарсы алу рәсіміне туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, футболшылардың туған-туыстары, достары мен жанкүйерлер қатысты, деп хабарлады ведомство. Кездесуде Ермек Маржықпаев ұлттық құрамаға жасыл алаңдағы жанкешті ойыны үшін алғыс айтты. Сіздер бүкіл қазақ халқына, тіпті футболдан, жалпы спорттан алыс жандарға естен кетпес ерекше ...
Read More »Футбол
Бүгін Астанаға футболдан ұлттық құрама команда келеді
Бүгін сағат 12.30-да Астанаға Словенияның Любляна қаласынан футболдан еліміздің ұлттық құрама командасы ұшып келеді. Қазақстан құрамасын салтанатты жағдайда қарсы алу рәсімі Н.Назарбаев әуежайында болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Футболшыларды күтіп алу рәсіміне туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек қатысады, — делінген хабарламада. Бүгін Қазақстан ұлттық құрама командасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Словения ...
Read More »EURO-2024: Қазақстан құрамасы Словениядан жеңілді (ФОТО, ВИДЕО)
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Словения командасына есе жіберді. Ұлттық құрама сапында жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бауыржан Исламхан мен Бақтиер Зайнутдинов ойнаған жоқ. Мачта Қазақстан құрамасында алаңға Шацкий, Вороговский, Әліп, Марочкин, Малый, Быстров, Оразов, Қуат, Бейсебеков, Чесноков пен Самородов шықты. Ойында бірінші болып алаң иелері есеп ашты. Мачтың 41-минутында Игорь Шацкийдің қақпасын ...
Read More »Ұлттық құраманың ойыншылары үндеу жолдады (ВИДЕО)
20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Любляна қаласында Астана уақытымен сағат 01.45-те 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты турнирінің аясында Словения мен Қазақстан ұлттық құрама командаларының матчы басталады. Бұл ойында Еурододаға жолдама беріледі. Қазір ұлттық құрама Н тобының соңғы тур алдындағы турнир кестесінде 18 ұпаймен үшінші орынға жайғасса, Словения құрамасы 19 ұпаймен екінші орында тұр. Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін ...
Read More »«Реал Мадрид» клубы ойыншылардың жарақатына УЕФА мен ФИФА-ны айыптады
Футболдан Испанияның «Реал Мадрид» клубының басшылығы команда ойыншыларының көп жарақат алғанына Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) наразылық білдірді. Marca журналисі Хавьер Бирланганың хабарлауынша, Мадридтің клубы бұл оқиғаға Испания Корольдік футбол федерациясына (RFEF), Ла Лигаға, Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағына (УЕФА) кінә артып жатыр. «Реал Мадрид» басшылығы күнтізбенің шамадан көп болуының кесірінен ...
Read More »Еуропа чемпионатына жолдама алып, халықты қуантамыз — Магомед Адиев
20 қарашадан 21 қарашаға қараған түні Любляна қаласында футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты турнирінің аясында Словения мен Қазақстан ұлттық құрама командалары кездеседі. Бұл матчта Еурододаға жолдама беріледі. Н тобында Дания құрамасы өз алаңында Словения жасағын 2:1 есебімен жеңіп, бір тур бұрын Еуропа чемпионатына жолдама алып қойды. Қазір турнир кестесінде дат футболшылары 22 ұпаймен бірінші орында тұр. Екінші орынға Словения ...
Read More »EURO-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Марино командасын жеңді (ФОТО, ВИДЕО)
Астанада футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы Сан-Марино командасымен ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұған дейін ұлттық құрама қарсыластарымен үш рет кездесіп, үшеуінде де жеңіске жеткен еді. Бұл матчтар 4:0, 3:1, 3:0 есептермен аяқталды. Ал бүгінгі матч «Астана Арена» стадионында болды. Оған 30 100 адам жиналды. Стадионда ине шаншар орын болмады. Мачты тамашалауға президент Қасым-Жомарт Тоқаев та барды. Матчта ...
Read More »Футболдан Сан-Марино құрамасы шұғыл түрде қонақ үйден шығарылды (ВИДЕО)
Астанаға Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің аясында болатын матчқа Қазақстан құрамасы командасымен ойнау үшін келген Сан-Марино құрамасы қонақ үйден шығарылды, деп хабарлады Спорт Шредингера Telegram-арнасы. Отельдің әкімшілігі ұрама команда «қонақ үйде бомба бар» деген хабарламаға байланысты қонақ үйге келген барлық адамды эвакуациялаған. Құраманың 23 ойыншысымен бірге техникалық қызметкерлер, түсірілім тобы толық қауіпсіз жерге көшірілген. Шетелдіктер полиция толық тексеріс жүргізіп болғанша далада ...
Read More »Футболдан Қазақстан-Сан-Марино матчына арнайы автобустар апарады
Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Трансляция Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен беріледі. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру тегін болады. Жанкүйерге Жекпе-жек сарайына жету үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 19.30-де «Астаналық цирк», «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті (Нұр-Астана) ...
Read More »Футболшы Асхат Тағыберген «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) тағайындаған «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды. Бұл приз ең әдемі голдың авторына беріледі. «Пушкаш» сыйлығына Асхат Тағыбергенмен бірге тағы 10 адам ұсынылып отыр. Олардың арасында «Цинциннати» клубының ойыншысы аргентиналық Альваро Баррель, Мадридтің «Реал» әйелдер командасы мен Колумбия құрамасының шабуылшысы Линда Кайседо, Англияның «Брайтон энд ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары