• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Чемпиондар лигасында «Астана» қай командамен кездесуі мүмкін?

    Бүгін Чемпиондар лигасының бірінші және екінші іріктеу кезеңіне арнап жеребе тартылады. Еуропаның басты турнирінде Қазақстан атынан «Астана» қатысады. Қазақстан чемпионына «Жилина» (Словакия), «Кукес» (Албания), «Гонвед» (Венгрия), «Спартак» Юрмала (Латвия) командаларының бірі қарсылас атанады. Жеребе тарту рәсімі Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де басталады. Айта кетейік, елордалық ұжым 2015/2016 маусымында Қазақстан атынан алғаш рет Чемпиондар лигасында өнер көрсеткен. Аталған маусымда екі рет ...

    Read More »

    Криштиану Роналду «Реалдан» кетеді ме?

    Соңғы аптада мадридтік «Реалдың» ойыншысы Криштиану Роналду команда ауыстыратыны жайлы сыбыс көбейіп кетті. Португалиялық футболшы шын мәнінде Испаниядан кетеді ме? Marca басылымының ақпараты бойынша Криштиану Роналдуды бұл іске итермелеген – салық мәселесі. Яғни, 7-нөмірлі ойыншыға салық төлеуден жалтарды деген айып тағылып отыр. Ал осы тұрғыда Флорентина Перес бастаған клуб басшылығы оны лайықты деңгейде қорғамай отырғаны Роналдудың көңіліне келген секілді. Британиялық ...

    Read More »

    «Футболды ағылшын тілінде үйретеміз…»

    Бүгінде футбол миллиондаған, тіпті миллиардтаған жанкүйердің сүйікті ойынына айналған.  Ал оның түп тамыры сонау Еуропаның бір шетінде жатқан Англиядан шыққанын білеміз. Бұл елде футболды үйретудің әдіснамасы да мықты дамыған. Сондықтан жер-жүзінде ағылшын тілді теңбіл доп өнері қай елде болсын жақсы дамып келеді. Қазір елімізде балалар мен жасөспірімдерге спорттың осы түрін ағылшынша үйретіп жатқан «Арландар» деген клуб бар. Ол әріптесіміз Фазылбек ...

    Read More »

    BAQ league. Журналистер лигасының екінші маусымында 14 команда

    Осы сенбі елордада шағын футболдан Журналистер лигасының жазғы маусымы басталады. Бүгін Астана футбол федерациясының кеңсесінде команда өкілдерінің қатысуымен жиналыс рәсімі өтіп, біріншіліктің жай-жапсары талқыланды. «Тарлан-Арена» спорт кешенінің шағын футбол алаңында өтетін біріншілік әр сенбі және жексенбі сайын сағат 15:00-ден басталады. Біріншіліктің ашылу салтанаты 20 мамыр сағат 18:00-де. Ойындардың далада өтетінінен бөлек, жазғы маусымның басты ерекшелігі – Журналистер лигасының біріншілігінен бөлек, ...

    Read More »

    Шағын футболдан БАҚ өкілдерінің арасындағы турнирдің финалы (ВИДЕО)

    Шағын футболдан БАҚ өкілдерінің арасында Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы Астана қалалық филиалының кубогы үшін өткен турнир. Финалдық кездесу. «Жеңіс» пен Хабар агенттігінің командалары. 1-тайм 2-тайм Пенальти Марапаттау

    Read More »

    Былтыр УЕФА 4,5 миллиард еуро пайда тапты

    Өткен жылғы ең табысты турнир Чемпиондар лигасы болды. Еуропа футбол одағы (УЕФА) өтен жылдың қорытындысы бойынша 4,58 миллиард еуро пайда тауыпты. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлайды. Жалпы табыстың 2,16 миллион еуросы телеарналарға сатылған құқықтардан түскен. 928 миллион – комменциялық құқықты сатудан, 286,5 миллион – билеттердің сатылымынан, 142,4 миллион түрлі қызметтерден. Ал алдыңғы жылы УЕФА-ның жалпы табысы 286,5 миллион еуро ...

    Read More »

    Футболшылардың айлығы 1000$-дан аспауы тиіс

    Елімізде футбол спорттан гөрі үлкен бизнеске айналып кетті. Басшылар үшін ақша айналдыратын құрал, ал футболшылар үшін бұл — жақсы жұмыс. Футболшылардың айлықтары ірі компаниялардың топ-менеджерлерінен де көп. Ал, нәтиже жоқ. Футболға қанша ақша салынса да №1 спорттан пайда жоқ екенін бәріміз көріп отырмыз. Футболды өз деңгейіне және негізгі сипатына, яғни спорт деңгейіне түсірсек ше? Футболшылардың орташа айлығы АҚШ долларымен есептегенде ...

    Read More »

    Журналистердің доп додасы

    Жақында Астанадағы Əлкей Марғұлан атындағы № 40 қазақ орта мектебінде шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы қалалық филиалының кубогы үшін турнир өтті. Бұл жарысқа бұқаралық ақпарат құралдарының 8 командасы қатысты. Онда Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы Астана қалалық филиалының «Жеңіс», «Егемен Қазақстан» газеті, «Хабар» агенттігі, «Қазақ Радиосы», «ҚазМедиа», «Sport 59», Kazsport пен «Атамекен» бизнес телеарнасының клубтары күш сынасты. ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан кубогы үшін 1/8 финалының кездесулері өтті

    Күтпеген нәтиже Талдықорғанда тіркелді. Онда бірінші лигада ойнайтын «Жетісу» командасы өткен жылғы ел чемпионы әрі кубоктың иегері «Астананы» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. 10-минутта есепті елордалық Абзал Бейсебеков ашқанымен, кездесу соңына таман алаң иелері әбжілдік көрсетті. 75-минутта Олег Хромцов таразы басын теңестірсе, 87-минутта Алексей Шакин жеңіс голын соқты. Сөйтіп қазақстандық маман Дмитрий Огайдың шәкірттері ешкімнен де қаймықпайтындықтарын танытты. Дегенмен бұл ...

    Read More »

    Кейінге қалдырылған матчтардың уақыты белгілі болды

    Премьер-Лига Қазақстан Республикасы Премьер-Лига клубтары арасындағы Чемпионаттың кейінге қалдырылған ойындардың өтетін күндері тағайындалды. -Чемпионаттың 7-турындағы «Ақтөбе» және «Атырау» командалары арасындағы ойын мамырдың 17-сі күні өтеді. — Чемпионаттың 8-турындағы «Ақтөбе» және «Шахтер» командалары арасындағы ойын маусымның 28-і күні өтеді. Осыған орай, Чемпионаттың 18-турындағы «Шахтер» және «Ақтөбе» командалары арасындағы ойын шілденің 2-сі күні өтеді. Екінші Лига -Екінші Лига Біріншілігінің 3-турындағы «Атырау» және ...

    Read More »