• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    EURO-2025: Қазақстан жастар құрамасының қарсыластары анықталды

    Футболдан жастар құрамалары арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысының жеребесі тартылды.

    Жеребе тарту рәсімінде жеті топта алты құрама ойнаса, екі топ бес командадан жасақталған.

    Қазақстан футболшылары В тобында Венгрия, Шотландия, Мальта, Бельгия және Испания құрамаларымен сынға түседі.

    Турнирдің финалдық сатысына 15 команда шығуға мүмкіндік алады. Оған жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Словакия қосылады.

    Іріктеу сатысы 2023 жылдың наурыз және 2024 жылдың қараша айлары аралығында өткізіледі.

    Әрбір топтан жеңімпаз және үздік нәтиже көрсеткен үш құрама келесі айналымға тікелей жолдама алады.

    Ал тобында екінші орын алған қалған алты құрама үш жолдама үшін өтпелі ойындар өткізеді.

    Құрамалар мына топтарға бөлінді:

    А тобы: Италия, Ирландия, Норвегия, Түркия, Латвия, Сан Марино

    В тобы: Испания, Бельгия, Шотландия, Венгрия, Қазақстан, Мальта

    С тобы: Нидерланд, Швеция, Грузия, Солтүстік Македония, Молдова, Гибралтар

    D тобы: Германия, Польша, Израиль, Болгария, Косово, Эстония

    E тобы. Румыния, Швейцария, Финляндия, Албания, Черногория, Армения

    F тобы: Англия, Украина, Сербия, Солтүстік Ирландия, Әзербайжан, Люксембург

    G тобы: Португалия, Хорватия, Грекия, Беларусь, Фарер аралдары, Андорра

    H тобы: Франция, Австрия, Словения, Босния және Герцоговина, Кипр

    I тобы: Дания, Чехия, Исландия, Уэльс, Литва.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *