Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионаты матчтарында ешқандай манипуляция болмағанын ресми түрде жария етті. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Федерация мәлімдемені өзінің сайтына жариялады. Онда чемпионаттағы 64 ойынның бірде-бірінен манипуляция күдігі болатындай инцидент анықталмағаны хабарланды. Катарда өткен әлем чемпионатында Францияны матчтан кейінгі пенальтилер сериясы бойынша жеңген Аргентина құрамасы чемпион атанды. Мундиалдың үздік футболшысы атағын аргентиналықтардың капитаны Лионель Месси алды. Турнирдің үздік ...
Read More »Футбол
Катар университетінде Месси тұрған бөлме мұражайға айналады
Катарда футболдан өткен әлем чемпионатынан кейін Аргентина құрамасының шабуылшы Лионель Месси тұрған бөлме мұражайға айналады. Катар университеті Аргентина құрамасының капитаны тұрған бөлмені шағын мұражайға айналатынын хабарлады. Чемпионат кезінде команда тұрған оқу орнының қалашығы Аргентина туы түстес – көк және ақ түстермен безендірілді. Онда әлем чемпиондары бейнеленген плакат, олардың қолтаңбалары бар футболкалар қойылды. Катардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Францияны (негізгі ...
Read More »Пеленің жағдайы қиындап барады – БАҚ
Атақты бразилиялық футболшы Пеле отбасымен және достарымен қоштаса бастады. Өйткені, оның жағдайы өте нашар. Бұл туралы британдық кәсіпкер, спорт менеджері Франк Халид хабарлады. «Пеле аурухана төсегінен отбасымен және достарымен қоштасады. Футбол аңызы Пеле қатерлі ісік ауруымен екі айдан беріп ауырып жатыр. 82 жастағы Пеле үшін қатерлі ісікпен күресу оңай болмай тұр. Отбасы оның жағдайы одан әрі нашарлап бара жатқанын айтады», ...
Read More »180 миллион еуро. Әлемдегі ең қымбат футболшылар белгілі болды
Германияның Transfermarkt неміс порталы әлемдегі ең қымбат футболшылар мен олардың командаларын анықтады. Әлемдегі ең қымбат қақпашы Тибо Куртуа Мадридтің «Реал» клубында ойнайды. Оның ақысы 60 миллион еуроға бағаланған. «РБ Лейпциг» командасының қорғаушысы Йошко Гвардиол (75 миллион еуро), «Манчестер Сити» жасағының қорғаушысы Рубен Диаш (75 миллион еуро) және «Бавария» клубының қорғаушысы Маттейс де Лигт (70 миллион еуро) те жоғары жалақы алатындар ...
Read More »Пеленің қызы әкесімен бірге ауруханада түскен фотосын көрсетті (ВИДЕО)
«Футбол королі», XX ғасырдың ең үздік футболшысы Пеленің үлкен қызы әкесімен бірге ауруханада түскен фотосуретін жариялады. Қазір аты аңызға айналған футболшының үлкен қызы Кели Кристина Насименту ауыр кеселмен ауруханада жатқан әкесіне күтуші болып, жанында жүр. Ол әкесі екеуінің бірге түскен фотосын әлеуметтік желіде таратты. Біз әлі осындамыз, ауруды жеңеміз деген үмітпен күресіп келеміз. Тағы бір түніміз өтті, – деп жазды ...
Read More »Әлем чемпионатының ең үздік голы анықталды
Бразилия құрамасының шабуылшысы Ришарлисон Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының ең үздік голының авторы атанды. Англияның «Тоттенхэм» клубының форвардының бірінші турда Сербия құрамасына (2:0) салған голы жанкүйерлердің ең көп дауысын жинады. Үздік голға таласқан ойыншылар арасында Сәлем Әл-Даусари (Сауд Арабиясы), Коди Гакпо (Нидерланды), Энцо Фернандес (Аргентина), Венсан Абубакар (Камерун), Луис Чавес (Мексика), Килиан Мбаппе (Франция), Пэк Сын Хо (Оңтүстік Корея), Неймар (Бразилия) ...
Read More »Ақтауда «Каспий» клубын бопсалаған мәслихат депутаты сотталды
Ақтауда «Каспий» клубын бопсалаған Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 25 қарашада Ақтау қалалық сотының үкімімен Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ахмет Салманов алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Оған заңсыз жолмен алынған қаражат сомасынан он есе көп айыппұл салынды. Сондай-ақ ол өмір бойы ...
Read More »Марокко құрамасы 25 млн еуро сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайды
Марокко елінің ұлттық құрама командасы Катарда өткен әлем чемпионатында төртінші орынға ие болғаны үшін Халықаралық футбол федерациясынан берілетін 25 млн еуро сыйақыны қайырымдылық мақсатына жұмсауды мақсат етіп отыр. Журналист Халид Бейдунның айтуынша, футболшылар сыйақыны түгелдей елдегі кедей балалар мен отбасыларға береді. Валид Реграри жаттықтыратын Марокко құрамасы әлем чемпионатында жартылай финалына дейін жеткен алғашқы Африка және араб елінің командасы болды. Бұл ...
Read More »Месси «Пари Сен-Жермен» клубында қалатын болды
Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Францияның «Пари Сен-Жермен» клубында қалатын болды. Championat.com сайтының хабарлауынша, клубпен келісімшарт тағы бір маусымға ұзартылды. Мессидің «ПСЖ» командасымен келісімшартының мерзімі 2023 жылғы жазда аяқталуы тиіс болатын. Клуб президенті Нассер Әл-Хелаифи Катардағы әлем чемпионаты кезінде Мессидің әкесімен кездесіп, футболшының тағы бір маусымға қалатыны жөнінде ауызша келісімге келген. Енді Месси тағы бір маусым алаңсыз француз клубында ойнайды. ...
Read More »Криштиану Роналду жаңа клубқа ауысады
Футболдан Португалия құрама командасының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Marca басылымының хабарлауынша, тараптар өзара келіскен, таяу уақытта бұл туралы ресми түрде жария етіледі. Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубымен 2030 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойды. Роналду командада екі жарым жыл ойнайды. Қалған мерзімде 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы, Мысыр және Грекияның өтінім ...
Read More »