• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Түркияда стадион толы жанкүйерлер алаңға ойыншықтарды қарша жаудырды (ВИДЕО)

    «Бешикташ» және «Антальяспор» футбол клубтарының жанкүйерлері матч кезінде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің құрметіне жасыл алаңға жұмсақ ойыншықтарды лақтырды, деп хабарлады CBS Sports.

    Жанкүйерлер ойыншықтарды матчтың 4-минуты, 17-секундында лақтыра бастаған.

    Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апат 6 ақпанда сағат 04:17-де басталған еді. Осы уақытта жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды.

    Белгілі болғандай, алаңға үйіліп қалған ойыншықтар жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің балаларына жіберіледі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Beşiktaş JK (@besiktas)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *