• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жер сілкінісі

    Түркияда стадион толы жанкүйерлер алаңға ойыншықтарды қарша жаудырды (ВИДЕО)

    «Бешикташ» және «Антальяспор» футбол клубтарының жанкүйерлері матч кезінде жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендердің құрметіне жасыл алаңға жұмсақ ойыншықтарды лақтырды, деп хабарлады CBS Sports. Жанкүйерлер ойыншықтарды матчтың 4-минуты, 17-секундында лақтыра бастаған. Түркияның оңтүстік-шығысындағы табиғи апат 6 ақпанда сағат 04:17-де басталған еді. Осы уақытта жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін ойын бірнеше минутқа тоқтатылды. Белгілі болғандай, алаңға үйіліп қалған ойыншықтар жер ...

    Read More »

    Түркиядағы жер сілкінісінен Солтүстік Кипрдің тұтас бір волейбол командасы қаза тапты

    6 ақпан күні Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен кейін түркиялық үш волейболшы, сондай-ақ Солтүстік Кипрдің тұтастай бір волейбол командасы қаза тапты. Бұл туралы Fanatik сайты хабарлады. Адыяман қаласындағы үйінділер астынан 16 кипрлік волейболшы табылды. Бұл туралы Түрік волейбол федерациясы хабарлаған. Сондай-ақ Adıyaman Gençlerbirliği және Малатья BBSK командаларының ойыншылары Гамзе Наз Чучук, Эмине Арслан және Эминкан Коджабаштың жойқын жер сілкінісі салдарынан ...

    Read More »

    Түркиядан тікелей эфир: Қазақстан құтқарушылары бір отбасын аман алып шықты (ФОТО, ВИДЕО)

    Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісінен зардап шекендерді құтқару жұмыстарынан  журналист Бақытжан Омар тікелей эфир беріп жатыр. Оның айтуынша, әзірше Қазақстаннан келген құтқарушылар үш адамды аман алып шықты. Үшеуі де бір отбасының адамдары. Зілзаладан ер адам екі баласымен аман қалған. Ал оның зайыбының тағдыры әзірше белгісіз. 6 ақпан күні Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 04.17-де ...

    Read More »

    Түрік жаттықтырушысы жер сілкінісінен отбасындағы 15 адамнан айырылды

    Түркиядағы жер сілкінісінен «Сивасспор» футбол клубының жаттықтырушысы Айхан Тенбелоглу отбасындағы 15 адамнан айырылды. Бұл туралы ensonhaber сайтына сұхбат берген түрік командасының бас жаттықтырушысы Рызы Чалымбай айтты. Бұл өте қайғылы жағдай болды. Біз Сиваста зілзала туралы естіп, білдік. Сол күні таңертең мен «Хатайспор» клубында істейтін өзімнің бұрынғы көмекшім Шыңғыс Қожаға  хабарластым. Ол менің көмекшім Айхан Тенбелоглудың отбасындағы 15 адамнан айырылғанын естіртті. Бүтін ...

    Read More »