• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    AFP 2023 / ADEM ALTAN

    Түркиядан тікелей эфир: Қазақстан құтқарушылары бір отбасын аман алып шықты (ФОТО, ВИДЕО)

    Түркияның Газиантеп қаласында жер сілкінісінен зардап шекендерді құтқару жұмыстарынан  журналист Бақытжан Омар тікелей эфир беріп жатыр.

    Оның айтуынша, әзірше Қазақстаннан келген құтқарушылар үш адамды аман алып шықты. Үшеуі де бір отбасының адамдары. Зілзаладан ер адам екі баласымен аман қалған. Ал оның зайыбының тағдыры әзірше белгісіз.

    6 ақпан күні Түркияның орталығы мен оңтүстік-шығысында, Сириямен шекаралас жерде жергілікті уақыт бойынша сағат 04.17-де 7,8 балдық жойқын жер сілкінісі болған. Соңғы мәліметке қарағанда, Кахраманмараштағы жер сілкінісінен 12 391 адам қаза тауып, 62 914 адам жарақат алды.

    Жер сілкінісі Газиантеп маңында 17,9 шақырым тереңдікте тіркелген. Зілзала соңынан жүздеген афтершок қайталанды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясы мен көршілес елдерде сезілді. Соның ішінде Сирияда зілзала Түркиядан кейін қатты болды. Бұл елде кем дегенде 2,5 мыңнан астам адам көз жұмып, 4,6 мың адам жарақат алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: AFP 2023 / ADEM ALTAN

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *