Ресей Федерациясының Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен өтіп жатқан ІІ «Азия балалары» ойындарында еліміздің шорт-трекшілер екі медальді жеңіп алды.
Қыздар арасында 1500 метрге жарысудан Малика Жолтабар қола жүлдені иеленсе, оы қашықтықта ұлдар арасында өткен додада Мейіржан Төлеген күміс медальге ие болды.
ІІ «Азия балалары» ойындарында хоккейден Қазақстан құрамасы да алғашқы жеңісін тойлады. Балалар өз тобындағы екінші ойында Ресейдің Саха Республикасын 11: 0 есебімен ұтты. Хоккейшілер жарыстағы бірінші матчында РФ-ның Қиыр шығыс федералды округының құрамасынан 3:7 есебімен жеңілген болатын.
Енді хоккейші балалар плей-офф жолдамасы үшін Кузбасс аймағының командасымен ойнайды.
«Азия балалары» ойындарына еліміздің хоккейден балалар командасы мына құраммен айдынға шығып жатыр:
Қақпашылар: Данай Шайиков («Авангард», Омск), Танирхан Алпысбаев – («Барыс», Астана)
Қорғаушылар: Алдияр Қалелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Арғын Мукашев (бәрі — «Барыс», Астана), Раты Дурглишвили («Салават Юлаев», Уфа), Санжар Ибрагим, Никита Сидоренко («СКА-Юность», Екатеринбург)
Шабуылшылар: Әмір Алыпқарин, Әлихан Бақыт, Әділхан Беккерев, Даниил Дронов, Давид Карапетян, Русланбек Кәрім, Бексұлтан Мақыш, Тимур Меңдібаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Сәркенов, Александр Симахин (бәрі — «Барыс», Астана), Корней Корнеев – («Авангард», Омбы), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен).
Бас жаттықтырушы: Георгий Верещагин — «Барыс», Астана.
Қазір Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1 күміс, 1 қоламен үшінші орынға көтерілді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА